ВЕРНУТЬСЯ

Қазақтың атақты ақыны Шөже Көкшетау өңірінде туып-өскен. Жастай екі көзінен бірден айрылған ол қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады, ақындық өнерімен күн көреді. Сондықтан бірқатар туындысыжекелеген адамдарды көтере дәріптеп, мадақтауға құрылған. Сөйте тұра, Шөже орыс бастықтарға сатылған, халықты қан жылатқан қазақ шенділерінің екіжүзді зұлымдығы мен обырпарақорлығын да жұрт алдында батыл әшкерелейді. Шөже - даңқы дүйім жұртқа тараған айтысақыны. «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деуіне қарағанда, ол өз тұсындағыаты мәлім жүйрік ақындардың біразымен айтысқан. Бізге жеткен айтыстарында(Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Қалдыбай, Балта, Орьынбаймен айтыстары) ақынныңқарсыластары жүйелі сөзден жеңе алмайтынын біліп, оның басындағы жалғыз мініналдына кесе көлденең тарта береді, бұған ол: «Соқыр қылды көзімді көрмесін деп,жамандықтың соңына ермесін деп» іспетті уәжді сөзбен орынды тойтарыс береді. Шөже - ірі эпик ақын. Әйгілі «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен таралды. Оның халық ауызәдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресінің асқан білгірі екенін кезінде ШоқанУәлиханов атап көрсеткен.

Шөже