ВЕРНУТЬСЯ

 1934 жылы 11ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. ҚазақстанныңХалық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). 1957-1959 жж. "Пионер" (қазіргі "Ақ желкен") журналында және1960-1964 жж. Қазақ мемлекеттік драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі,1988 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, ҚазақстанЖазушылар одағының хатшысы болған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы ("Сонарда") 1959 жылы шықты.Бұдан соң жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер" (1961),"Кімнің мекені жақсы" (1962), "Сақау бәтеңке" (1983), т.б.кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін (1968), "Жапандағыжалғыз үй" романын жазды (1965; орыс тілінде - 1968). "Ақансері" дилогиясы жарық көрді. (1-кіт., 1971; 2-кіт., 1977; орыс тілінде -М., 1979). "Алғашқы вагон" (1982), "Заманай мен Аманай"(1987) повестерін жазды.Жазушының"Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1970), "Қызым,саған айтам" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қосанар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық"(1976), "Кроссворд немесе масханадағы маскарад" (1981), т.б.пьесалары республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына ҚазақКСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1986).Көптеген шығармаларышетел тілдеріне аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін,О.Т.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын, т.б қазақтіліне аударған.  

Сәкен