ВЕРНУТЬСЯ

Қостанай өңірінде, Сарыкөл маңында туып-өскен.Кедей ортадан шығады және бір уақыттарда Абылай ханның  сүйікті адамы болғанына қарамастан, өмір-бойы жоқшылық тақсіретінен құтыла алмаған тәрізді.Қазақ халқынның басынан өткен ұрыс-соғыстарға қатардағы жауынгер ретінде қатысқан ол көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы жұрттың рухын көтеретін  үлкенді-кішілі жырлар айтумен қатар, өз жанынан  күнделікті әскери өмірге қатысты, жауынгерлерді қиындықтарға мойымауға, ерлікке, күреске үндеген өлеңдер шығарып отырған. Бұл елгезектік өз кезінде Тәтіқара шығармаларының халық арасына кең таралуына жол ашады. Тәтіқара, әсіресе, 1756 жылы қазақ жерінің шегіне кірген  Цин басқыншыларына қарсы күрес күндерінде туған өлеңдері  арқылы мәшһүр болады. Біздің заманымызға қарбалас шақтарда, от-жалында  туған толғауларының кейбір нұқалары ғана жетті. 

Тәтіқара