ВЕРНУТЬСЯ

5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты"Бөке" деген кеніште туған.Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандықкомсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөліммеңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соңАлматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1954 жж."Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж.ҚазМУ-де студент, 1959-1963 жж.аспирант, 1966 жылға дейін Қазақ КСР Баспа,полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте ағаредактор, Қазақ КСР ҒА-сында (1967-1969) ғылыми хатшы, 1969 жылдан 1986 жылғадейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ағағылыми қызметкер болды. 1964 жылы "Ілияс Жансүгіровтың лирикасы" аттытақырыпта кандидаттық, 1981 жылы "Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оныңбүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы" атты тақырыпта докторлықдиссертация қорғады.1959 жылы "Ән" деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді.Содан бері қырыққа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыстіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын,испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды.Ол Евг. Юнганың "Даңқы өшпес кеме" повесін, М. Стельмахтың Лениндіксыйлық алған "Адам қаны- су емес" романын, А.С.МакаренконыңА.Маяковскаяның "Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы"атты әңгімесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды.Бірнеше орден-медальдармен марапатталған. 1984 жылы "Қазақ КСР Халықжазушысы" деген атаққа ие болды. 1985 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясыныңШ.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясыныңтолық мүшесі (1997). "Парасат" орденінің иегері. 

Тұрсынхан