ВЕРНУТЬСЯ

1940 жьшы 8 желтоқсанда ҚХР-дың Іле аймағы, Күнес ауданындадүниеге келген.1961 жылы Шыңжаң университетінің қытай тіл-әдебиеті факультетін тамамдаған. 1961-1980жж. мектеп оқытушысы, 1980-1992 жж. Күнес ауданының мәдениет үйінің бастығы,1992-1998 жж. Іле облыстық әдебиет көркемөнер бірлестігінің арнаулы кәсіптікжазушысы, Іле аймақтық әдебиет-көркемөнер бірлестігінің төрағасының орынбасары, Жазушылар одағының төрағасы қызметтерін атқарған. Іле қазақ облысы халық құрыл-тайының депутаты болған.Әдебиетке 1957 жылы "Терезе алдында" атты өлеңі арқылы келген. 1982 жылы "Тасқын" трилогиясының бірінші кітабы, 1987 жылы екінші кітабы, 1989 жылы үшінші кітабы "Шыңжаң халық баспасында" жарық көрді. 1982 жылы "Өркен" атты әңгімелер жинағы (Пекин, "Ұлттар баспасы"), 1983 жылы "Қайта оралу" ("Іле халық баспасы"), 1986 жылы "Мысал әңгімелер", ("Шыңжаң жастар баспасы"), 1995 жылы "Бесік" атты әңгімелер жинағы (Пекин, "Ұлттар баспасы"), 1995 жылы "Тау тағысы" романы мен 1998 жылы "Қара көлдің балықтары" атты повестер топтамасы ("Шың-жаң халық баспасында") басылады.

Тұрсынәлі