ВЕРНУТЬСЯ

1927 жылы 12желтоқсанда Атырау облысында туған. Орта мектептен кейін екі жыл (1943-1945)өндірісте жұмыс істейді. 1945 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттікұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздікдипломмен бітіреді де, осы білім ордасында бүгінге дейін елу жылдан астамүздіксіз білім және ғылым жүмыстарын қатар жүргізіп келеді. ҚазақстанныңХалық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор.{mospagebreak} Ширек ғасыр бойыҚазМҰУ-дың әдебиет кафедрасын басқарған, бірнеше жыл "Жұлдыз" журналымен "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылародағының хатшысы міндеттерін негізгі мамандығымен қоса атқарған, "Ұшқын"(басында "Өмір ұшқыны") және "Жалын" (Бүкілодақтық жүлдегеие болды, 1972) романдарының, "Адам" (1964), "Сыр" (1975)атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағыакадемиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған "Сөнбейтінот" драмасының авторы. "Менің Әуезовім" романы үшін ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік сыйлығы (1998) берілді. Қазақ және Қырғыз Республикаларығылымдарының еңбек сіңірген қайраткері. ҚазМҰУ жанындағы филология ғылымыныңдокторы дәрежесін беру жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы. А.Пушкин менН.Гогольдің жекелеген шығармалары, Л.Кассиль, В.Добровольский, В.Закруткинніңромандарын, А.Островскийдің "Ұшынған ақша", М.Горькийдің "Күн перзенттері",Н.Хикмеггің "Елеусіз қалған есіл ер" пьесаларын аударған. Қазақ КСР ЖоғарғыКеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", Халықтар Достығы,"Парасат" ордендерімен және медальдармен марапатталды. ВЦСПС пен КСРОЖазушылар одағы, Қазақ ПЕН-клубы жөне Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағыБірінші дәрежелі сыйлықтарының лауреаты. Көркемшығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылды.

Зейнолла