ВЕРНУТЬСЯ

    Құдай - жалғыз!

Ай
да - жалғыз!

Күн
- жалғыз!

Осы
біздер кімнен, қашан туғанбыз?

Бір
жиында айтқан екен Қашаған:

"Жаралдық,
- деп, - аспандағы нұрдан біз!"

Рас
болса, жаралым бұл жаңбырдан,

Оны
кімдер, қайдан сұрап
алдырған?

Жұмбақ!
Жұмбақ!

Шыққан
тегі адамның -

???? шығар басқа Әлемде қаңғырған!

Сену
қиын!

Бар
осыған - күмәнім,

Ойлайықшы,
жүріп алға бір адым.

Әлемдегі
сыры жұмбақ құбылыс -

Жауабы
жоқ "құдірет" деп ұғамын!

Қайдан
шыққан Су мен мөлдір Ауа да!

Бұлт
болмаса, көктен жаңбыр жауа ма?

Болар
ма еді,

Болмас
па еді пенде осы -

Болмаса
егер, Адам Ата - Хауа Ана?!

(Бұл өлең Мағжанға арналған мүшәйрада арнайы жүлде алған.)

2БҰБ ??? - Болжанбаған Ұшқыш Бейнелер (НЛО)

Жараса
ма, жараспай ма Күн Айға?

Бірі
- туып, бірі - батса, ұнай ма?

Пенделерге
жараспаған - жалғыздық,

Жарасқан,
- деп, неге айтады - Құдайға?

Құдай
бар ма?

Болса
егер де қайда жүр?

Құдай
дейміз - гүл тұнса да сайға бір.

Ғылымдағы
"Күн" деген сөз рас па, -

Шашып
тұрған
аспандағы Айға нұр?!

Осыларға
жауап іздеп күрестім...

Ойлай,
ойлай, жүйкемді де түгестім!

Аристотель,
Гераклит жоқ қазір...

Айта
алмайды, сол себепті мұны ешкім!

Ойлап
тағы көрелікші қайтадан:

Жалғыздықтың
сырын кімдер байқаған?

Жаратылыс
мұны, бәлкім өзі айтар...

Мен
өзімнің болжамымды айта алам:

-
Жер де - жалғыз!

Неге
жалғыз демеңдер,

Сыңары
оның жеті қабат - тереңде!

Жүз
жыл сайын жүйрік келсе өмірге,

Әр
мың жылда туған жалғыз Кемеңгер!

Жаралымды
ол үшін де сөкпеңдер:

Жалғыз-жалғыз
жаратылған Кек пен Жер!

Қабірде
де жалғыз-жалғыз жатады,

Бұл
пәниден марқұм болып өткендер.

"Туу
да - хақ, елу де - хақ" -

бір
бекет:

Туса
да адам,

Өлсе
де адам - құрмет ет!

Тірі
адамға жараспайды жалғыздық!

Жарасады
ол - Құдай менен

Күнге тек! (Жаратылыс
туралы)