ВЕРНУТЬСЯ

Шағатаев Жаңабек Баққондыұлы 1961 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал ауылында дүниеге келген. Қаламгердің жан - дүниесін түсіну үшін жазушының туған жерін көру керек деген сөз бар. Қаймағы бұзылмаған Талас өзенінің құйылмасы Үшаралауылында қазақтың белгілі ақын қызы Күләш Ахметова, жазушы Серік Әбдірайымов,ақын Өкім Жайлауов, Сейтқазы Досымов, Әбді Шынбатыровтар дүниеге келген.Сол жылдары Талас асыл тұқымды малзауытының атақ- даңқы Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағына кеңінен танымал болды. Бұл ауылда туғандардың арасында білімге де құштарлық айрықша еді. Сондықтан ба екен Баққондыұлы Жаңабек 1966 жылы, 5 жарым жасында мектеп табалдырығын аттады. Білімге құштар балақан жақсы оқып, 1976 жылы осындағы Үшарал орта мектебін тәмамдады. Осыдан соң біраз уақыт ауылда қой бақты, совхоздың түрлі жұмыстарын істеді. Сөйтіп 1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақ университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. 1982-1984 жылдар аралығында Кеңес армиясының қатарына алынып, Қиыр солтүстіктегі Архангельск облысының аумағындағы Илецк ғарыш аймағында борышын өтеді. 1985 жылы республикалық «Жалын» баспасына редактор болып орналасты. 1990 жылы осы баспадан «Көк өзек шақ» атты жинағы алғаш жарық көрді. Осы жылы ҚаазГу-дың журналистика факультетін тәмамдады. 1991 жыл осы жинағы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығына ие болды. Одан кейінгі жылдары ол «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттері , «Парасат» журналы және тағы басқа республикалық мерзімді басылымдарда түрлі қызметтер атқарды. 2006 жылы «Жазушы» баспасынан «Ызғырық» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді. 2008 жылы «Қандағаштың шоқ сырғасы» атты жинағы оқырмандарға жолтартты. Жаңабек Бақққондыұлы қазақтың даңқты батыры Саңырықтың есімі жұртшылықпен қайта қауышуына елеулі еңбек сіңірді. Ол литван, орыс тілінен біршама авторлардың шығармаларын аударды. Қазір халық аралық тілінен бір шама авторлардың шығармаларын аударды. Қазір халық аралық «Түркістан» газетінің бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды.Әр жылдарда республикалық «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалар бәйгесін, «Дарабоз» конкурсының бәйгесін жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар ода ағының мүшесі.

Жаңабек