ВЕРНУТЬСЯ

    Жаяу Мұсаның туып-өскен жері-қазіргі Павлодар облысы,Баянауыл ауданы.Әкесі Байжан кедей шаруа болған.ЖаяуМұса жасынан өнерпаз талапкер болып өседі,өз бетімен оқиды.Кейін Омбы қаласынабарып,орысша оқуға түседі.Сол қалада оқып жүрген кезінде, жаз айларында елінекеліп-кетіп жүріп,шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын,бұқараға көрсеткензорлық-зомбылығын әшкерелеп газетке жазады. Сол жылдарда дуанбасы бопсайланып,полковник шенін алған Шорманның Мұсасы Омбыдағы губернаторға Жаяудыңүстінен шағым жасайды, патшаға қарсы адам деп жала жауып,Тобыл қаласына 12    жылға жер аудартады. Бірақ Жаяудың өтінішібойынша жер аудару жазасы әскер қызметіне ауыстырылып,ол арбакеш болып жұмысістейді.Генерал Черняев әскерінің қатарында Жаяу Мұса Петербург қаласында,Поьша,Литважерлерінде болады.Кейін Черняев әскерінің Орта Азия экспедициясына қатысады,сол сапарда Шоқан Уәлихановпен кездеседі.Жаяу Мұса Арқадағы Біржан сал менАқан  сері бастаған әнші-ақындар тобыныңәріден келе жатқан дәстүрін дамыта түсті.Ол әрдайым халықтық - бұқарашылдықбағытты берік ұстайды,сол замандағы қазақ ауылының шындығын батыл суреттейді. 

Жаяу Мұса