ВЕРНУТЬСЯ

 
    Жаза берсең, басында естелік көп, 
Ойлайсың кей біреуін тістеніп тек.
Жадыңда жаңғырады өткен жылдар
Жаңалықтың анасы - ескілік деп!
Оралмасын, кей бірі қорқынышты,
Қойныңа кіргізеді салқын күзді.
Қалай аман қалғам?-деп, түршігесің
Сол кездегі ойласаң марқұм ізді.
Кей бірі қайтып келмес-сағынышты,
Жас өмір,
Уақытқа бағынышты.
Бір сәтке оралса ғой -дегеніңмен
Тартады үйіңдегі-
Жарық күшті!
Содан кейін жазасың-бүгінгіні,
Сомдап илеп, ойларды түбіндегі.
Жүресің құлақ түріп,
Айта ма деп
Бұза ма деп, біреулер-бірлігіңді.