ВЕРНУТЬСЯ

«Жиембеттің арғы атасы – ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр. Алау – XVI ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, тарихқа белгілі адам, «Қырымның қырық батырында» жырланатын айтулы тұлғалардың бipi. «Алау батыр» жырында Айса баласы Алауға «Есен, Сүйін қалмақты іздейтін болсаң сен балам, Шаттың бойын жағалаған Teмip деген бip жер бар» дейді. Шат Жем өзенінің бұрынғы атауы болса, Жем де, Teмip де Ойылмен жапсарлас ағып жатқан өзендер. Және «Әнет батыр» жырында Әнеттің ағасы Алаудың iзін қуып батыр болғаны, Ойылдың бip саласы Қиылмен қатар ағатын Қарақобданың Елекке құяр жерінде оншақты үй болып отырғаны жырланады. Бұл кез ХV ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Өзбек ұлысы бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлініп, Ноғай ордасының ыдырай бастаған, «Былай барсаң қоқан бар, қоқандаған әкең бар. Былай барсаң қалмақ бар, күшіңді еппен алмақ бар. Былай барсаң қытай бар, жапырағыңды бұтай бар. Былай барсаң орыс бар, баланды берсең қоныс бар», – деп сол заманның 6ip дуалы ауызы айтқандай, Ойыл бойын жайлаған Kiшi жуз руларының да тағдыр кыспағында қалып, Қазақ хандығы бірлестігіне 6ipiгy қамына кipicкeн кезі еді.Асан Қайғы, Қазтуған сияқты әpi батыр, әpi атақты жыраулардың замандасы Сыпыра жырау негізін салған, кейін атақты Y6i жырау мен оның баласы Бекберген, немерелері Жаскілең, Бітеген, Бақы және шө6epeci Махмуд жыраулар толықтырған, Мұрын, Нұрпейіс, Нұртуған ақындар жырлаған «Қырымның қырық батырының» өзгелеу нұсқасын өзінше жырлап, бүгінгі күнге жеткізген, Қазақ КСР Ғылым академиясының қорына «Қарасай-Қази» дастанын, «Қаншайым» жырын тапсырған, атақты Бақының 1907 жылы Ойылда туған баласы Хайролла Иманғалиев қағазға түсірген «Қазақтың рулық шежіресінде» Кіші жүздегі Байұлының бір тармағы Сұлтансиықтан Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Тана өрбиді де, С.Мұқановтың ұлы, белгілі тарихшы М.С.Мұқановтың және басқа авторлардың еңбектері негізінде жасалған, қазақ руларының XIX ғасыр мен XX ғасырдын басында орналасуын бейнелейтін картада бұлар негізінен Ойыл мен Жайық өзендері арасын мекендегені көрсетілген.Жиембеттің ұрпағы, журналист-жазушы, жымпитылық Б.Ойшыбаевтың естелігінде Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы, «Жетікөл» кеңшарының Қарақұдық ауылында таналардың ұйысып отырғаны айтылады. Ш.Танкиев жазбаларында көрсетілгендей, Тайсойған құмдарында, Қандыкөл, Қаракөл деген шұрайлы жерлерде қарақұнан тана мен Жиембет тананың ұрпақтары әлі күнге дейін тұрады. Осы өңірдің тумасы, белгілі жазушы Т.Құлыяс та бабасы Жиембеттің аруағын ардақтап, көркемдік бейнесін сомдаған романын 2007 жылы жарыққа шығарды. Сондай-ақ 1598-1628 жылдар аралығында қазақ хандығынын ұстаған Еңсегей бойлы ер Есімнің үзеңгілес серігі болған жырау жайлы Х.Досмұхамедұлы «Аламан» атты еңбегінде былай әңгімелейді:«Қалмақтың ханы Есім ханға сыйлыққа бір қыз жібереді. Жиембеттің Жолымбет деген інісі қызды жолшыбай тартып алып, өзі әйел қылады.Жолымбет пен Жиембет көрместей болып араздасады. Жолымбет ағасының үйіне Жиембет жоқта ғана келіп, кетіп жүреді.Бір күні Жолымбет аттан түсіп жатып, Жиембеттің үйде екенін іргеден көреді де, атына қайта мініп кері бұрылады. Жиембеттің бәйбішесі Есенқыз батырдан: «Ініңіңіздің сізден қорқып, қайтып бара жатқанын көрдіңіз бе?»,- деп сұрайды. «Ондай есер жаманның маған керегі жоқ. Кетсе жүре берсін»,- деп Жиембет қырсыға жауап береді. Сонда бәйбіше:«Арақ пенен бал қосса,Ем болады жараға.Екі жақсы бас қосса,Жамандар кірер араға.Жаманды жаман демеңіз,Басыңа қиын іс түссе,Жаман да шығар қараға»,- деген бұрынғыдан қалған сөз бар емес пе?,- дейді.Осы сөз ойландырған Жиембет батыр сыртқа шығып, атына мініп кетіп бара жатқан Жолымбетке:«Ей, қыңыр ер, қыңыр ер,Қыңырайма біздің ер.Қыналы бозға мінген ер,Қыз қалмақты сүйген ер.Хан жалғыз да біз үшеуҚыңырайма, шіркін, бері кел!»- деп дауыстайды.Жолымбет келіп ағасының қолын алады. Екеуі татуласады.Жиембеттің «Хан жалғыз да біз үшеу...» деп бата сөйлеуі тегін емес. Жолымбеттің қылығына қатты ашуланған Есім хан, енді Жиембетке де қырын қарай бастайды. Бірақ жырау Есімнің қатаң қабағынан қаймықпайды. Інісін жаладан қорғап:«Атадан жалғыз мен емес,Хан ие, ісің жол емесЖолбарыстай ЖолымбетҚұрбандыққа қол емес.Жол тосып алып кетіптіҚалмақтан алған сыйыңдыҚаһарыңды басқалыҚалың елің жиылды.Бастап келген өзге емес,Жиембет сынды биің-ді.Он екі ата БайұлыБір тәңірге сыйынды»,- деп артында тұрған күшті руын, батырларын арқа тұта сөйлейді. Өзін, Жолымбетті және немере інісі Байбақты батырды хан басынан кем көрмей, «сен жалғыз, біз үшеуміз» дейді.Жиембет атақты қолбасшы, азулы жырау болғанда, Жолымбет қылығына қимылы сай ер. Жем мен Сыр аралығында көшіп-қонып жүрген елінің бір тобын қалмақтар ойрандап, қырып, жойып, қанға бөктіріп жатқанда ханнан жәрдем болмай, ол ханның бұйрығынсыз сарбаздарымен Жем бойының батырларымен бірсесе отырып, құлдықтағы ауылдастарын босатып алады. Оларды Жем бойына орналастырады, сөйтіп ешкімге тәуелсіз «Алты ауыл» ордасы пайда болады. Түрік жырларын зерттеуші В.М.Жирмунский «...алты ауылдықтар шамасы, кейін Жайық пен Жемнен бастап Ырғыз бен Арал аралығын, оған қоса бір кезде ноғай жайлаған жерлерді алған «кіші жүзге» сіңіп кеткен болуы керек» дейді. 

Жиембет