ВЕРНУТЬСЯ

"  1922 жылы 15желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Келінсүйегі деген жердетуған. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кенинститутының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалықучилищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. 1941-1945 жж. ҚызылАрмия қатарында қызмет етті. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері, әскериәңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттеріндежиі басылып тұрды. {mospagebreak}Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филологияфакультетін бітірді. "Қазақстан пионері" газетінің бөлім меңгерушісі,"Социалистік Қазақстан" газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісіжәне редактордың орынбасары, Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетініңредакторы, республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторыболып қызмет істеген. Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклорредакциясының меңгерушісі, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағыӘдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. Көп жылдар бойынаҚазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасыболып келді.Алғашқы очерк, әңгімелержинағы "Алыстағы ауданда" деген атпен 1956 жылы жарық көрген.Алпысыншы жылдардан бастап біржола көркем прозаға ауысты. Жиырмадан астамкітабы шыққан: "Махаббат жыры" (повестер, 1964), "Тоғыз толғау"(1977), "Автопортрет" (әдеби портреттер, 1977), "Махаббат кызықмол жылдар" (1970) романы және "Ақиқат пен аңыз" (1976)роман-диалогі, "Екі естелік" (1985), "Жамбылға хат" атты әскериестеліктері (1996), т.б. Бұл туындылардың бірқатары "Жазушы"баспасынан бірнеше дүркін орыс тілінде де басылып шықты.I "Песня любви"(1965, 1975, 1982); "Истина и легенда" (1982), Мәскеудің"Советский писатель" баспасынан "Истина и легенда" (1980)және "Дорогой памяти" (1985) кітаптары жарық көрді. "Ақиқат пенаңыз" роман-диалогі украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985)тілдеріне аударылып жарияланды. Жеке шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік,молдован, татар, якут тілдеріне аударылған. 1980 жылы "Ақиқат пенаңыз" роман-диалогі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттіксыйлығының лауреаты атағы берілді.И.Бунинніңшығармаларын, М.Шолоховтың "Адам тағдыры", П.Павленконың"Жарияланбаған хат" әңгімелерін, А.Якобсонның "Қорқау"пьесасын және басқа туындыларды қазақшалады.II дәрежелі Даңқ, "Құрмет Белгісі", Халықтар достығы және II дәрежеліОтан соғысы ордендерімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Батырлығыүшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгеніүшін", "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін" медальдарымен,3 мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды(1962,1972,1982). Қазақстанның Халық жазушысы.  "

Әзілхан