ВЕРНУТЬСЯ

"(1914-2000) 15сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ханкай ауылында туған. Кеңес мектебіндебілім алған ол 1931 жылы ата-анасымен бірге Шығыс Түркістанға кетеді. Мұнда олбілімін жетілдіре жүріп, Құлжа мектебінің бірінде ұстаздық етеді әрі"Іле" газетінде қызмет жасайды. Қытай революциясы жеңгеннен кейінгі жылдардатүрлі саяси-қоғамдық жұмыстар атқарды.{mospagebreak} Ол Синьцзян ұйғыр автономиялық ауданыныңМәдениет министрі болып қызмет етеді, ұйғыр мәдениет қайраткерлерініңделегацияларын басқарып КСРО, Үндістан мемлекеттеріне де барады. Синьцзян ұйғыравтономиялық ауданында Жазушылар одағын құруда зор еңбек етеді. Оның тікелей қатысуымен1957 жылы Үрімші қаласында тарихта тұңғыш рет ұйғыр жазушыларының съезіашылады. 1961 жылдың қарашасында туған еліне оралады.Алғаш ақындықөнерімен қалам ұстаған ол 1934 жылы "Раушан" атты драма жазады. Бұлшығармасын кейін өңдеп, "Қанды дақ" деген атпен қайыра шығарып,шетелдік ұйғырлар драматургиясының негізін қалады. 1936 жылы "Ғәріп пенСәнәм" пьесасын жазды."Маймхан"романы орыс тіліне аударылды және өзбек тілінде екі рет жарық көрді. Ол бойынша"Год дракона" кинофильмі түсірілді (реж. А.Әшімов).С.Мұқановтың"Қашқар қызы", Ғ.Мүсіреповтің "Кездеспей кеткен бір бейне"шығармаларын тәржімалады. Қазақстанның Халық жазушысы.Еңбек Қызыл Туорденімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты."

Зия