ВЕРНУТЬСЯ

        «Періштелер
жүреді ұшып аспанда»,

Рас шығар, кім білген.

Әлдеқашан өліп қалған тастарға

Аят оқып тұрмын мен.

Ал генерал, кәне, бізді баста алға,

Сенің сөзің заң бүгін.

Періштелер жүреді ұшып аспанда,

Көреді олар барлығын.

Мен қараймын мынау мылқау тастарға,

Жерім байтақ.

Далам бай.

Періштелер жүреді ұшып аспанда.

Қонатын жер таба алмай.

Түмен бап -
Түркістанда түгел өрді,

Отыз бап - Отырарда түрегелді.

Күңірентіп Күлтөбені күллі қазақ,

Қош айтып бір-біріне жүреді енді.

Таспадай түзу түсіп жолдары кіл,

Айының он бесінен толғаны бұл.

Жер өзінікі,

Тіл өзінікі,

Дін өзінікі,

Заман ғой, ей, бауырым, ол дағы бір.

Тайпалтып Құлагерді,
Қарагерді,

Бұлт-қазақ
көшіп жатыр тарап енді.

Ұясы
бозторғайдың бозаңда еді,

Астында көп тұяқтың
қала берді.

Соңында Сауран қалып,

Қарнақ қалып,

Сансыз жол шығады алыс тармақталып.

Тұрады ақ
жол тілеп ұрпағына,

Ай маңдай Әзірет сұлтан аруақтанып.

Күн қонып Қаратаудың қиясына,

Шаң шөкті жусаны мен миясына.

Қайран боп қалай
аман қалғаны

Қарайды бозторғай құс ұясыня