ВЕРНУТЬСЯ

           Аса қадірлі Федор Демьянович!
        Осы айдың 11 нен 12 не караған түні ғана
Перьмнен попечитель келді; қазір
Қостанайға жүргелі жатыр; 16 нда
шығады, Троицкі арқылы жүреді. Өзіңіздің мектебіңізді де, орыс мектебін де дұрыстаңқырап ұстауыңыз жайында менің Сізге өтініш жасап жатуымның қажеті болмас. Диаконнан жұмысын мүмкін қадар жақсырақ түрде көрсетуге тырысуын сұраңыз; әрине, мұны ол Сіздің басшылығыңызбен істейтін болсын. Түсуіне Сіздің пәтер қолайлырақ болар деп
ойлаймын; ал Сіз әзірге Балғымбаевтың үйіне кіре тұрарсыз; бұл пәтерге жақсылап мебель қойыңыз,
кітапхана бөлмесін де мебельсіз қалдырмаңыз, оған өзім түсем. Менің үйіме де
хабар беріңіз, үйдің ішін жақсылап жасаулап қойсын; попечитель
біздің үйге де барады.
Николай Петровичке менен сәлем айтып,
өтінішімді тапсырыңыз, осы хатты алысымен, Троицкіден Қостанайға, Қостанайдан
Торғайға баратын жолдағы почта ұстаушыларды
күн-ілгері хабарлап қойсын; олардың аттары әзір, киіз үйлері таза болатын
болсын. Егер біздің үйде ол-пұл
кемістік болатын болса, ол жөнінде
маған Н. П. жәрдем етер деп сенем. Тек ас пісірудің жайы қалай боларын ғана біле алмай отырмын. Сіз ақау
маған келіп жүретін белгілі аспазға күн-ілгері ескертіп қойыңызшы, әзір болсын,
таңдаулы ас істеуге керекті нәрсенің бәрін алып койсын; оған қажет ақшаны Оспан
берер. Шарап жағын өзім ала барам.
Оспанға тағы
мынаны айтыңыз: менің үйімнің
төңірегіндегі қора-жайлар, көшелер тәртіпке келтіріліп, сыпырылсын, үйдің пештері ағартылсын, ал егер онша қолайсыздық болмайтын болса, қыстауға
көшіп алсын.
Басқа
жазғаядай ештеңе жоқ-ау деймін.
 Өзіңізді қадірлеуші И. АЛТЫНСАРИН.
Бұл хат 1888 жылы, 20 сентябрьде
Қостанайда алынған.