Кедейдің соғып
сойылын,
Кедейдің тілеп
тойымын,
Ойлайтын қамын
тереңнен,
Газеттің досы -
тілшілер.
Ұямен2 қол
ұстасып,
Кедейдің көшін
бастасып,
Байсалды жерге
жөнелген
Газеттің досы -
тілшілер.
Бұзықтармен
күресіп,
Талайын түйреп
түгесіп,
Кауіптен
қорықпай түнерген
Газеттің досы -
тілшілер.
Шаруаға көз
болып,
Қисық іске тез
болып,
Игілікке
бастайтын -
Газеттің досы -
тілшілер.
Бітірер ісі
енімді.
Еңбекке жегіп
өмірді,
Еңбектен тайып
қашпайтын
Газеттің досы -
тілшілер.
1926
- 169 просмотров