ВЕРНУТЬСЯ

Бір бақыттың таба алмастан сынығын,Көңілімнің ылайладым тұнығын.Мен Аллаға адал едім, амал не,Тағдыр жиі салды диуан құрығын. Бір күлкіні іздеп жүрмін қақырап,Жақсылықпен бітсе болар ақыры.Өмір  ескі суреттерден тұрады,Өлеңіме  бәсіре  мұң тақырып. Бір азаптан құтылмадым жанымда,Құтқармады сүйгенім де, жарым да.Тұрақ  таппай  жырақ кетсем адамнан,Құшақ  жайып  қарсы алмайды қорым да. Бір сезімнің мейіріне қанбадым,Ернім қыршып, тістелсе де бармағым.Ақ  көрпеде  азабымды  жамылдым,Ақ  қағазда  ақтық сырлар жандағы. Бір арманға асығып ем  жасымнан,Жолда талай жылап, күліп, шошынғам.Қара  өлеңге  сеніп  жүрмін  құдайдай,Не болар-ау,Не шығады осымнан?                    *** Аспан алыс, бет-ажары жабық күн,Аяз гулеп елшісіндей тамұқтың.Соңғы кезде сезім түгіл мен тіптіӨмірімнің өзінен де жалықтым. Айналаны аппақ суық қар жапты,Жыр жаздырар күздің күні тарқапты.Бақытың да, жақұтың да қажетсіз,Санаспайтын сағыныштар шаршатты. Асау өлең тастап кетті, жаяумын,Жан мұңымды енді кімге жаярмын?Құрсын бәрі, шындығы жоқ шырт өмір,Тұншықтырып, таусылуға таяумын.Өзің болсаң жүрсің әлі шалғайда,Жыл құсынан хабар берсең болмай ма?Дымды ұқпаймын ұғындырар біреу жоқ,Бақыт қайтып босағама қонбай ма? Қытымыр қыс, бала кептер қорексіз,Айқын бәрі, тек сен ғана дерексіз.Адалдығым Алла білер кім үшін?Сүйгенім де, күйгенім де керексіз. Үмітімнің үзілді ме жолдары?Осы ма екен ғұмырымның солғаны...Тағдыр мені отқа таста, суға салҚара өлеңнен айырмасаң болғаны.                 ***Көшеде көңілсіз сұр ақпан,Көңілсіз һәм суық тұрақ та.Тән дертті, жүрегім жүдедіБіреуді күтуден жырақтан. Ашулы аязды бұл ақпанКелмейді жылы әуен құлаққаҚайда екен, келеді қашан ол?Басым да ауырды сұрақтан. Халімді қайырсыз біл ақпан,Көзімде сағыныш бұлақ бар.Ақ қарға ашылам,  қайыңғаБәрібір сырыңды құр ақтар. Кетпестей салмақты тұр ақпанҚаламыз қалғандай ұнап та.Жалғыздық жабысқан ақындыБолмаса аттандыр жыраққа,Халімді қайырсыз ұқ ақпан.                   ***Шошаңдаған шабыт маған ысқырып,Өмірімнің айналғандай мәніне.Мен де ешкімге қарамаймын пысқырып,Қымбат көйлек жарасады тәніме. Өлең деген қасын керген керім бе?Тек өзі боп маңымда көз ілгенім.Маңғыстаудай маңғаз туған жерімде,Өр адайлар көріп, өсіп, білгенім. Ақтауымның көшесінде мұңданам,Ал адамдар дым сезбейтін асыққан.Тек  Каспийдің толқындары шыңдаған,Таусылмайтын қалғанынша қасық қан. Бірде арманым биігіне шығар мың,Қиын, қыңыр болғанымен жолда аса.Қазақтың бір ақыны боп шығармын,Бекет бабам қолдаса.                 ***Қайғы мен шаттық  жарысып,Жақсы мен жаман  алысыпЗулайды уақыт. Арманым  күліп  алдайды,Жалғанды күдік  жаулайдыБасталмай жатып. Бұйырған сыйым  кетпейді,Тәңірге  үнім  жетпейдіМейірім- жақұт. Махаббат оты  жанғанда,Құмарым сірә  қанған ба?Таба алмай бақыт. Құлазып  кештер батса  да,Жұлдыздар  жылап  жатса  даАлдамас  арман.Үмітті  үзе  көрмегін,Салса да мұңдар өрнегінБаса бер алға! Бақытың - бес  күн тірлігің,Мәңгілік өмір сүрді кім?Өтеді  жалған. Лапылда  жүрек  лапылда,Жанартау  болып  атыл даӨлеңім  самға!                   ***Ақындарым әкім қуған замандаӘкімдерім даңқын жуған қоғамда.Бал таңдаған талтаңдап жүр жамандар,Табиғат тұр.Ауа жетпей оған да. Баспана жоқ, асханада шәй ішіп,Соңғы теңге даяшыға бұйырар.Жүйке жұқа, жүрек мұңнан майысыпЖас тас болған осындайда құйылар. Бастығымның бабын тауып біреулер,Шашты құнды байлығымды екінші.Қазағыма қайыспайтын тіреу бер,О, тәңірім  қасқа ұлды кешірші.Билігімді беріп қойдым қолдағыКім шешеді елдің жәйін, ертеңін?Туған жерге жақын ешкім қалмады,Ақындарды айналдырған келте мұң. Тәуелсіздік туым желпіп қолымда,Ата-баба орындалды арманы.Дегеніммен не қалады соңымда?Тілім-тулақ,Салтым- салақСадақа кет қалғаны! Табыс таппай, пайдам болмай еліме,Атауы жоқ көшелерде сенделем.Маңдай терім төгілмесе жеріме,Неге жүрмін ақын деген кеудемен?            ***Бақыт қайда?Дауысым  қайдалаған.Бәлкім барып қайттым да қасына мың?!Алатаудың ақ төсін аймалаған,Қара  түннің  тығылып  шашына  мұң. Сағынышты шыдамға сағалаттым,Бәлкім,  бақыт шабыт боп желбіреді?!Сілекейі  шұбырып  қанағаттың,Шодыр бұлтқа ағаштар телміреді. Арзан  бақыт  жоғалды талайы кеп,Арманымды  ақылым  тергемейді.Құлың  болып  қаласаң қалайын деп,Ақ  жаңбырға  көк  жусан еркелейді.Үміт өліп  тағдырдың табағында,Сонда жаман пиғылдар шырайланып.Бар бақыты-теңіздің қабағында,Кете алмайды шағала шыр айналып. Ертегіңді ерітпес тәмамда елес,Ләззаты өмірдің -  сандығында.Қоғамда емес, адамда, заманда емес,Бар бақытым  - қара өлең хандығында!                    ***Жалғыздық  жанымды жаулаған,Тәнімді басынған.Досым  жоқ  мейірім аулаған,Қасым  көп тарыдай шашылған. ЖалғыздықКүнімді билеген,Түнімде - әміршім.Мақсат көп, қол ұшым тимегенАрман жоқ, тек қиял тәңірсің. Жалғыздық  келсең де тау асып,Мен саған оп-оңай көнем бе?Тірлігім - мәнісі, дертімнің- дауасыТек  билік етпессің өлеңге.                   ***Шағынбайын шалқымаса кемелім,Сағынбайын әрі қашса дегенім.Азабыңды, мазағыңды көтерем,Бағымдайын сен аман бол, сен елім! Асыр салған таң көшінде мен балаң,Ғасыр бар ма нән төсіңді ембеген?Һәм жаһанда сенен артық жұмақ жоқ,Сен тыныш жат, сен тарылма кең далам! Болсын сорым көбірек те аз бағым,Қалсын бір күн саған өлең жазамын.Жырлаудан да, мың даудан да қашпайын,Сен жасай бер, сен өлмегін қазағым! Күнім менің көңілімдей жаралы ең,Мұңым мәлім,  мен түбінде дара өлем.Бар бақытқа, сан жақұтқа сатпайтын,Сен мәңгі бол, қазақ тілі, қара өлең!!!        ***Кешір мендікСағынышты сабасызЖыртық әнді жағасызСезімімді бағасызТөзімімді шарасыз. Кешір, меніКүткенімді қас қақпай,Жаным қажып, ас батпайКөңіл назын бұрымдыТақырыпсыз жырымдыЖатқа оқыған асқақтай. Кешір меніңТым жылауық затымдыЖетпей қалған хатымдыКүнәдан пәк болғанменТіршілігі толған мұңАқын деген атымды.Кешір...***Өлең!Тек сен тастай көрме,Мені.Одан жастай өл деЖеріп. Өлең!Тек сен алдай көрме.Жалынам.Батып қалмай көлдеШық, көзімненЖарық ән! ӨлеңТек сен мені ұмытпаӨтінем.Сенсіз тіршілік, жұрт таКерексіз деп кетіп ем. Өлең!Өмірімнің мәнісі ең...Сен көнсең.Сенсіз мұңдай қан ішемӨлгенше.                     ***Жалғыздықтан жабыққан сәттерімдеСағынышым сабырдан шеткеріде,Армандаймын.Тағдырым тар маңдайлыМені ұмытып шынымен кеткенің бе? Сезім түгіл тұрған жоқ төзім де оңып,Қайғы біткен  жас болып көзімде өніп.Адалдығым бәлкім ол қаталдығым?!Өз ойымнан опық жеп, өзім тоңып. Бұрылмадым сүрініп жылап алып.Жырларымның жүрегім-тұрағы анық.Жалғыздықтан жабыққан сәттерімдеӨлең мені аймала тұра қалып.               ***Мұқа,Менің жырларымды балапан,Сен оқысаң, не дер ең?Қара бастың қамын ойлар қарақан,Пенде болсам?!Жебеме! Ақынмын деп есірсем,Қию қашып, сөз мәйегін жоғалтып,Қара өлеңнің құдіретін кетірсем,Мұқа, мені қарғыс атсын  со қалпы.  Мендік өмір - жыр жазу деп ел жайлы,Еңбек етпей, күнде өткізсем кеш жиын.Өлеңдердің сезімім мен сен жайлы,Мұқа құны бес тиын!!!         ***Сен барсың.Жоқ менде арман.Басымды қатырма, шық елес!Тіршілік еткенім, құмарлық арсызБіртұтам опасыз жалған,Бәрі де түк емес! Құштарлық бар менде,Жоқ төзім.Мен де бір қайырға зар пендеШоқ сезім.Өмір бар астасқанӨліммен.Көңіл жоқ қастасқанКөңілмен. Жоқ менде уақыт,Анам да шарасызКөнем.Бар менде бақытБағасызӨлең.