Әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендіксөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіреші, сонымен қатар халықтың музыка мұрасынада жетік дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі,өнердегі мектебі - өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәрісболады. Ақындық қабілеті ерте байқалған ол ауылдастарының, кейде, тіпті, ағайын-туғандарыныңтеріс істерін әшкерелеген өткір тілді өлеңдердің авторы ғана емес, ескі эпикалықжырлардың білгірі ретінде де танылады. Уақыт оза келе философиялық-дидактикалықтолғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан батырлардымадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналады. Және осыреттегі жырлары оған үлкен даңқ әкеледі.Қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданындақайтыс болған.
- 95 просмотров