ВЕРНУТЬСЯ

Ей, замандас, сен мені білесің бе?Болмысыма өзің біл күлесің бе,Жан-жүрегім адам боп жаралғалыЖамандық атаулымен күресуде. Өтірікпен, өсекпен, жаламенен,Ар-намысқа жағылған қарамененКүресуде баураған наламенен,Рухсыздық жайлаған санаменен. Сүйеніп халық деген ұлы есімге,Құлшынамын түнекті күн етуге,Жұдырықтай жүрегім бар адамғаМахаббатты кеудеме түнетуде. Замандасым, сен соны білесің бе?Көкірегімде саған да гүл өсуде.Мен кетсем де артымда жырым қалсынЖамандықпен жарайтын күресуге.06.09.2002   У поэта нет карьеры, у поэта-судьба”                                        Александр Блок. Бұл өмірден алып кетер еншім жоқ,Бәрі, бәрі, ертең бәрі қалады,Менің өткен жолдарымнан кеміс іздеп,Болмасын тек көңіліңнің алаңы. Жатыр, әне, менің жүрген іздерім,Ғашық болдым, өлең жаздым, егілдім,Ала таңнан үмітімді үзбедім,Ақ қағазға қара өлең боп төгілдім. Керегі жоқ атақ, байлық, мансаптың,Күнгейі аз ит-тірліктен шаршадым,Есірік-күн есімді алып, сан соқтым,Сезбеппін-ау не екенін аңсарым. Көкірегімнен көк кептері өлеңніңҰшып кетсе, қондыра алмай алаңмын.Құлағаным осы, міне, көр енді,Жел соққандай жапырағымнан тоналдым. Бұл өмірден алып кетер еншім жоқ,Алқымдама, тас-тағдырдың қолдары,Пенделіктің ауылын тастап, келші іздеп,Өзімді емес, сөзімді тап болғаны...                             * * *Бекежандық жасадың аға, маған,Қой терісін жамылған қорқау сынды,Көр кеудеңмен мың сайтан балалаған,Қызғанышпен ұлыдың, не іс тынды? Қылығыңмен сыртымнан салдың “пышақ”,Төмен тарттың, мен болсам асқақтадым.Жаным сүймес жымысқы қулықты ұсақКөрдім талай ондайдың тас қапқанын. Деме сөзбен ініміз “түрткіледі”Мені ұғынсаң, мұнан соң абайлайсың.Кімнің кім екенін де жұрт біледі,Тиме ақынға, абырой таба алмайсың.