Қай кезде де болған ғой тақ таласы,Әкеге бала болған бақталасы.Жақсы –жаман патшалар келер –кетер,Тек қана өмір жыры тоқтамасын.Дидар ғайып, адамға ажал ғайып,Әлемде болған істен көз алмайық.Әбділдин, Әбіловтер аласұрған,«Қазақ елін құртты -деп -Назарбаев».Өмір –базар, жеткенше әл базарлайық,Өмір - жарыс, жарыста озар лайық.Бақталастар не айтпайды тақ жолында,Қазақты қазақ еткен Назарбаев.Өсек өрт- ау шайпау тіл сумаң еткен,Кей патшалар өмірін думан еткен.Таққұмарлар елімді етпесе екен,Құдайкенің* көшіндей суға кеткен.___________________________________________*Құдайке – аңызда жалған ант бергендіктен көктемде көші суға кеткен бай -мырза. 27. 02. 07 ж.
- 93 просмотра