ВЕРНУТЬСЯ

Бақытжан, Зейнеп, Бодулай және басқалар немесе құрдастармен өткізген қызықты күндер

    Аудандық деңгейдегі жауапты қызметте істейтін сыйлас бір
інімнің кәдімгі Баукеңнің, Бауыржан Момышұлының ұрпақтарымен тәп-тәуір
таныс-білістігі бар екен. Ұрпақ дегенде, қолбасшының ұлы Бақытжан, немересі
Ержан, сондай-ақ келіні Зейнеп Ахметова ғой біздің білетініміз. 

Естелік

       Қазір бақилық болган жақын жолдасын Аманкелді
Әбдугалиевтің көзі тірісінде өзіне оқып берген өлеңім бұл.

       Көп жайлар бар көңілімді қозғаған...

Мұндай кезде әзіл жақсы аздаған.

Менің досым Аманкелді бір кезде,

Оралда қап, диктор бола жаздаған.

Деген сөз бар: «Қуған жетер мұратқа»,

Арман шіркін жетелейді жыраққа.

Қарлығаштай қанатымен су сеуіп,

Туған жерде жүрген жақсы бірақ тa.

Елеулі бір ұлым дейді Тайпағың,

Мұны талай мен өзім де байқадым.

Жақсылыққа жаны жақын жандарды,

Ұмыттырар...

       Төгеді Күн шуағын мырзасынып,

Жатады жұпар ауа қырға сіңіп.

Жармасқан жер үстіне кәрі қысты,

Беткейге бара жатыр жылға ысырып.

Күн көзі қарды мүжіп тауысты, әне,

Қыс пен жаз осылайша ауыспалы.

Сықырын сары аяздың ұмыттырар,

Қаздардың қаңқылдаған дауыстары.

Құр қалмас

       Әркімнің де бар өзінше есебі,

Өзінше ойлап, тек өзінше шешеді.

Опынады, опынады сан соғып,

Дұрыс болмай шықса ісі кешегі.

Ешкімді де жатпайтұғын таң қылып,

Мұның өзі өмірдегі заңдылық.

Бірде ұтып, бірде ұтылып жатамыз,

Қатып қалған қағида жоқ мәңгілік.

Тек туған жер болып жалғыз тірегі,

Әрбір адам өзінше өмір сүреді.

Тағдырынан тиесілі құр қалмас,

Кеудесінде соғып тұрса жүрегі.

Бос орындар

       Өткен жылдар өзінше ырыс бөліп,

Бірте-бірте келеді тыныс кеңіп.

Қош айтысып жастық шақ бара жатыр,

Көмір қара шашыма күміс қонып.

Бұрынғыдай тәттіге тамсанбаймын,

Лауламайды жалыным, жансам қай күн.

Шақырмайды жасыл бақ бұрынғыдай,

Бұрынғыдай бұлбұлдар ән салмайды.

Жүрек жинап қам көңіл қара дағын,

(Өн бойымды күйдіріп барады ағын).

Дүниеден дүбірлі кетіп жатыр,

Сүрінгенде сүйенген ағаларым!

Кемелденген кезім ғой, өмір көріп,

Оңға-солға жүретін көңіл бөліп.

Страницы