ВЕРНУТЬСЯ

Әдемі өмір туралы аңыз

Егін қол орақпен, шалғымен орылады. Бірлі-жарым лобогрейка жұмыс істейді. Комбайн жоқ.Орылған аңыздан біз масақ тереміз. Әрқайсымыздың қолымызда ат дорба секілді бір-бір дорба. Сол толған кезде қырманға әкеп төгеміз. Қырмандағы астық тұлықпен, аттың тұяғымен басылады. Күрекпен ұшырылып тазаланады. Қазіргідей әлеп-жәлеп тұрған механизация ол кезде біздің өлкеде дүниеге келмеген.Масақ теру - ол азап жұмыс. Белің жазылмайды, бір талдап терген масақ өндімейді. Кішкене дорбаның өзі оңайлықпен толмайды.

Страницы