ВЕРНУТЬСЯ

Елеміс екеуміз

       Сіздер
Елеместі білесіздер, сары қыздың ағасы. Екеуміз бірге оқимыз. Бойы менен ұзын,
дүрдік ерін, аузынан сөзі, койнынан бөзі салбыраған момын. Ол да сары. Бірақ,
әкесі тәрізді шикі сары емес, қоңырлау. Елекең жуынып-шайынуға онша құштар адам
емес, оның қоңырлау көрінетіні, мүмкін, сондықтан да шығар.

Елеместің
жасы менен үш-төрт жылға ересектеу. Онымен тең түс балалар орталау мектепті
баяғыда бітіріп, орта мектепте оқып жүр. Ал Елекең асықпайды, кластан класқа
жайымен, кейде, екі жылда аттайды.

Менің атым Қожа-9

       Не
жөнінде айтылатынын оқып ишығып өздерің білесіңдер.

-        Қара Көже, қарашы мынаған.

-        Мұны қайдан алдың?

-        Тамаша малақай болмай ма?

Сұлтанның
қолындағы көк қаракөл аспаннан түсті ме, қайдан пайда бола қалды?

Ұстап
көрсем, жібектей мап-майда. Илеуінде мін жоқ, ақ қағаздай.

-        Әй, мұны қайдан алдың?

-        Құдай берді.

Егер
құдай тағала пендесіне бірдеңе бере қалғандай болса, ондай мейірімділігін Сұлтаннан
бастай қоймас.

Қара шапан

      Класта
сабақ жүріп жатқан. Кенет есік айқара ашылды да, ар жақтан біздің ауылда
бригадир болып істейтін Нұрғазы көрінді. Үстінде етегі жерге шұбалған сеңсең
ішік, аяғында пима. Бір қолында жұмарлап ұстап алған қап тәрізді бірдеңесі бар.

-        Біздің ауылдың Бердібек дейтін баласы
осында оқи ма?- деп Нұрғазы бәрімізге шола қарап тұр.

Үйдің
іші маған бірдеңе беріп жіберген екен ғой деген қуанышты оймен "аға, мен
ғой" деп, орнымнан ұшып түрегелдім.

Табанының
қары сықыр-сықыр етіп, Нұрғазы бері класқа кірді.

Менің әкем

       Мен
бір жағдайда әкеме өте риза болатын едім - ол өмірбаян жазып, анкета толтырған
кезде. Кез келген қарапайым анкетада әке, шешең кім болған деген сұрақ тұрады.
О, бұл сұрақ барлық сұрақтың ішіндегі ең маңыздысы. Болашақ өмір маршрутыңның
сызылуына оның жасайтын ықпалы өте зор. Мінекей, әлгі сұрақ алдымнан шыға
келген кезде менің көзім жайнап кеткендей болады. Жауапты құлшына жазамын,- әкем
де, шешем де кедей болған! Жай кедей емес, қу тақыр кедей.

Страницы