ВЕРНУТЬСЯ

Қапасқа қамалғаным

       Күнде
кешқұрым, өрістен мал қайтатын кезде, бала-шаға табынның алдынан шығамыз. Жан
сақтап отырған бір-бір сиырымызды тосып алып, үйге айдап келеміз. Әдетте, ала
сиырды қарсы алуға Рамазан екеуміз шығатын едік. Бір күні, Рамазан сырқаттанып
қалды ма, есімде жоқ, қолыма жіңішке бір шыбықты ұстай салып, дағды болған
қызметіме мен жалғыз кеттім.

Менің атым Қожа-4

       Жантасқа
пионер лагеріне баруға жолдама беріліп, маған берілмеу жайы, менің шақ-шәлекей
ашулануым айтылады.

Таңертеңгі
шайымды ішіп алғаннан кейін аяңдап, мектептің спорт алаңына қарай келе жаттым.
Қолтығымда добым бар. Біздің "Спартак" кеше қайраттықтардан жеті де
бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны
ретінде соған қатты ширығып, іштей дайындықпен келе жатырмын.

Концерт

       Қазір
мен екінші кластамын. Сауатым ашылып, өздігімнен оқуға, жазуға жарап қалған
кезім. Әліппедегі бүкіл өлең, әңгімелерді жатқа білем. Өйткені одан басқа ермек
етіп оқитын кітап жоқ. Күндіз-түні айналдыратыным сол бір кітап.

Бір, екі, сол аяқ!

       Күз -
колхоз жұмысының аса әбігер, қарбалас кезі. Бір жағынан шөп орылып бітпей,
екінші жақтан ал, мені ора баста деп, қабаттасып астық піседі. Орылған астықты
басу, тазалау, он бес шақырым жердегі заготзерноға арбамен, көлікпен тасу.

Зябь
жырту. Қолдағы азын-аулақ малды қыста қырып алмас үшін жылы қоралар салу.

Жұмыс
көп, адам аз. Бір жұмысқа бір жұмыс қабаттасып, нашар елдің есін шығарады.

Страницы