ВЕРНУТЬСЯ

Өгей шеше

           Сатылғанның
екінші рет үйленуі, сөйтіп, тағы да сотсыз тынды.

Мен
міне тағы да Қостөбедемін. Құттықтап қойыңыздар - өгей шешелі болғам. Күлімбала
түтетіп отырған түтін сөнгеннен кейін басым ауған жаққа қаңғып жөнелмей, енді
өгей шешені де бір көрейін, көрмегенім осы еді деп, Күміс дейтін адамның қолына
келдім. (Мұнда келмей, қайда барушы едің деп, неге сұрамайсыздар?)

Күміс
әкемнен үлкен бе деп қалам. (Жас жағынан).

Менің атым Қожа-13

     "Қызыл
бұзау " деп атаса да болар еді.

Оқу
жылы басталатын мезгіл жақындап қалды. Биыл алтыншыға барамын. Орта мектепті
бітіргенге дейін әлі де болса төрт, төрт емес-ау сойылдай бес жыл бар. Ой,
қандай ұзақ. Адам болып шығу деген ойлап отырсаң машақат нәрсе екен ғой.

Оқулықтарымның
бәрін дайындап қойдым. Мамам Қайыпжан шоферге ақша беріп жіберген екен, Алматыдан
ол су жаңа форма әкеліп берді. Амандық болса, бірінші сентябрь күні Қожекең
жарқ етіп, көшеге бір-ақ шығады сонымен.

Бөпке әжем және біз

       Бөпке
әжем де сүйегі асыл адамның біреуі. Үйдегі әйелге тең жұмыстың бәрін де, Зәуре
жоқта сол тындырады. Ертеден қара кешке тыным алғанды білмейді. Табиғат оны

жасаған
кезде мәз болып, күліп отырса керек. Бөпке әжем жомарт табиғаттың аузынан жаз
күніндей жайраңдап түсе қалған. Салдырлаған ақ көңіл ашық адам. Көрген-білгенін
айтып сап, қарап отырады.

Қостөбеге қыс келді

       Қостөбеге
қыс келді.

Таулы
аймақта ауа райы құбылмалы. Текес бойының кысы бірде қатаң, бірде жұмсақ. Қар
кейде қалың түседі, кейде жұқа түседі. Үскірік суық бола қалса, онша ұзаққа
созылмайды. Төрт-бес күн қысып-қысып алады да ашуы тез тарқап, маужыраған
қалыбына келеді.

Онсыз
да дабыр-дұбыры, ойын-күлкісі аз бір шөкім бөкене ауыл қыстыгүні жансыз денедей
боп, сұлық жатып қалады. Көшеде бейсауат жүрген адам қарасы сирек

Қостөбе "Застап".Шекара

     Қазақстан
картасынан Алматыны көзіңізді жұмып тұрып тауып алатыныңызға мен дауласпаймын.
Астанаға дәл барып тірелген саусағыңызды енді тау сілемімен шығысқа қарай
сырғытыңыз. Тоқтаңыз! Мен әңгіме етіп отырған үркердей шағын ауыл Қостөбе,
міне, осы арада, шекараның дәл түбінде.

Менің
Қостөбем.

Менің
Текесім.

Әне
бір көкшіл жіптей тартылған жіңішке өзенді көрдіңіз бе? Текес сол. Белгілі Іле
өзенінің басы.

Страницы