ВЕРНУТЬСЯ

Менің атым Қожа-27

       Құпия
кеңес жайы сөз болады, повесть осымен аяқталады.

Кешкі
астан кейін төр үйге кіріп, стол шамды жақтым да, сырттан ештеңе көрінбестей
етіп, терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды
соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер
Қожамен бетпе-бет келіп отырдым.

-        Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі
ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе - тәртіпті, үлгілі оқушы
болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек?

Жаңа дос

        Нарынқолды
бұл өлкенің қазақтары, өздерінше, қала санайды. "Қалада не бар екен?"
деп жатады. Міне біз сол қалаға кіріп келе жатырмыз. Түзу кең көше, қолдың
саласындай боп, тізіліп өскен теректер, шатырлы ағаш үйлер. Бұның бәрі маған
үлкен әсер қалдырды.

Арба
раймагтың алдына кеп тоқтады. Халықтың мол жері. Бір емес, бірнеше дүкен,
асхана. Біреулер шұбап кіріп барады, біреулер шығып келеді. Телеграф
бағандарына, теректің көлеңкесіне байланған шоғыр-шоғыр ерттеулі ат.

Тоғыз ауыз

      Нағашым
үйі сегіз жаны бар үлкен семья. Олар: Сембай атам, Бөпке әжем. Екеуінің жасы да
жетпіс бірде. Одан соң олардың балалары Қағазбай, қырық жеті жаста. Қағазбайдың
әйелі Зәуре, күйеуінен екі-үш жас кіші.

Қағазбайдың
екі ұл, екі қызы бар. Ұлдары Қасымқан, Рамазан. Қасымқан менен үш жас үлкен,
Рамазан құрдас. Қыздары Оралхан, Оразхан екеуі де мектепке бара қоймаған.

Тықса,
тығын шақ келмейтін мауыздай сегіз ауыздың үстіне мен тоғызыншы болып қосылдым.

Шешем жайлы

    Әкемді
алсаң ал құдай, шешемді қой, Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой.

Халық
бұл өлеңді текке шығармаған. Шешелі балада бәрі бар. Менде қазір бәрі бар.

Үйде
түк болмай қалған күнде де шешем мені аштан өлтірмейді, әйтеуір бірдеңе тауып,
өз аузына салмастан менің аузыма тосады.

Страницы