ВЕРНУТЬСЯ

Менің атым қожа-18

         Повестегі
ең кішкентай тарау.

Мектептен
келе жатып Сұлтанды көрдім. Біздің қашаға сүйеніп, қолына бүктеп ұстаған дырау
қамшыны етігіне ұрғыштап, тықыршып, менің жолымды тосып тұр. "Жоқ, тоғайға
бүгін бармаймын,- деген ойға келдім,- Сабақ оқимын. Ертең "Қысқы
кешті" жаттап баруым керек. Одан басқа да тапсырмалар толып жатыр".

-        Қара Көже, таста кітабыңды. Кеттік.

-        Мен бүгін бара алмаймын.

-        Неге?

-        Сабаққа дайындаламын. Үйге тапсырманы
сондай көп берді.

Шайтан екен деп қалсам

       Менің
ертеңді-кеш үйде, жас жеңгемнің қасында күзет болып отыруым Бәзілге ұнамаған тәрізді.
Бір күні ол маған:

-
Шөпке барасың, шөмеленің атына мінесің,- деді.

Шөп
ору - астық ору секілді ол дағы қарбалас науқан. Шабындық ауыл маңынан алысырақ
болады. Шөп орағында істейтіндер сонда түнеп, сонда тамақтанады. Бәзекең менің
көзімді ауылдан жойғалы отыр.

Қарсыласар
менде шама жоқ. Бригадирге мінгестім де, кете бардым.

Менің атым Қожа-2

      Қаратай
жайында айтылады.

Күні
бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды.
Енді міне дел-сал болып, өзімді өзім әрең сүйреп келе жатырмын. Аяққа қонған
шаңды қарашы, бір елі. Шіркін-ай, осы бойда барып, күмп етіп, өзенге қойып
кетер ме еді.

Өзен
бойына көз тіксем, қыздар шомылып жүр екен. Мейлі, шомыла берсін, оларға да
салқындау керек қой. Ал мен әуелі тамақтанып алайын, ішім итше қыңсылап, түйені
түгімен, нарды жүгімен жұтып жібере жаздап келе жатқам жоқ па.

Жылауық Тұрдыбек

      Шешем
босанып, ұл тапты. Сәбидің аты Тұрдыбек деп қойылды. Шешемнің бұған дейінгі
бірнеше баласы тұрақ-

тамаған.
Мынау енді тұрақты, өмірлі болсын деп, аты әдейі солай қойылған.

Көпекбай және оның балалары

       Көпекбайұлы
Жүнісбайдың қолына класкомдік тізгін тимей-ақ тұр екен. Арба қамшыдай
шартылдап, ол енді бізді бір шыбықпен айдайтын болды.

Жүнісбай
- кластағы ересек баланың біреуі. Бойы сұң-

 ғақ,
талдырмаш, сіріңке өңді. Мінезі әрі шапшаң, әрі қызба. Сабаққа алғыр.
Мұғалімнің аузынан шыққанды заңдай көріп, шаш ал десе бас алуға дайын, лыпып тұрады.

Страницы