ВЕРНУТЬСЯ

Тағдырмен тайталас немесе өзім жайлы өлең

     Тағдырым,
осыншама қатал неткен!

Қорқытты
талай рет: "Атам!" -деп те.

Тіресіп төрт жасымда-ақ жатып алды,

Жәңгір
хан алысқандай Махамбетпен...

Нақ
менде өші бардай бұрыннан-ақ,

Салғаннан
қасарысты қырын қарап.

Тірлікпен
тумай жатып арпалысу -

Өмірдің
заңы түгіл, ұғымға жат!

Бітпесін,
- деді ме әлде, - маған қанат,

Жер
тістеп жатып алды табандап-ақ.

Тағдырдың
бүргеніне бұға түсу -

Тегінде,
дені дұрыс адамға жат! ..

Күз картинасына қарап

     Су
тұнып, айдынында - бу сақталған,

Ағаштар
жылқы құсап жусап қалған!

Жапырақ
дір-дір етіп тоңып жатыр,

Үстіне
керпе сұрап жұмсақ талдан.

Ай
туып - қызыл ерін қиықтанған,

Сәулесін
түсірмейді бұйыққаннан.

Қарағай,
қайың, терек тұнжырап тұр,

Көл
үсті - сүт секілді ұйып қалған.

Талдар
жоқ көктемдегі бүршік
атқан,

Бұлақ
жоқ - тастан-тасқа ыршып аққан.

Бастарын
кеудесіне тығып алып, -

Торғайлар
бұғып отыр - күншуақтап.

Көктемім менің сүйкімді-ақ

     Аққулар өтсе
тізіліп ұшып қиқулап.

Билейді
сезім көңілде ғажап күй тулап.

Шалғында
жатып шалықтап әнге басасың,

Осынау
әсөм
көктемнің көркі сүйкімді-ақ!

Көктемнің
күні, көктемнің гүлі сүйкімді-ақ,

Кетеді
сенің жаныңды билеп сиқырлап.

Түнімен
жүріп таң ата бір-ақ келесің,

Қойнында
құмның, түбінде талдың ұйқың қап.

Жаңбыр
да құйып тұрады нұрын себелеп,

Бас
иіп саған қалады гүл мен ебелек...

Көктемің
деген көңілді
күлкі екен ғой,

Кептер мен дән

    Қанатын
кептер қақты да,

Аралап
орман, бақты да...

Сөйледі
әбден қалжырап,

Бір
түйір дәнді тапты да:

"Айналайын,
түйір дән,

Дәм
шығарсың бұйырған!

Жер
жаһанды аралап,

Іздеп
келдім қиырдан.

Тауға
бардым басы бұлт,

Тұрған
көкті жасырып.

Ақ
сағымға орай сап,

Жіберді
әрмен асырып.

Содан
әрі жем іздеп,

Суда
жүздім сені іздеп.

Көкірегім
көкпеңбек,

Жүзгендіктен
теңізде.

70 және 7 жыл

   Үйрендік
жастан бар елге

Бақыт
пен шаттық тілеуді.

Тіледік
және расында

Құсының
биік ұшқанын!..

Даңққа сеніп, Әлемде

Данышпан
дедік біреуді -

Ленин
еді ол - басында!

Қосылды
кейін Сталин!

"Жаһанда
- жолдас, досы көп,

Жаралған
жалғыз - ғарыштан, -

Сиынды
халык,: "Осы!" -деп,

Лениннен
соңғы данышпан!.."

Сиынды
соған сеніммен,

Күрестің
күтіп жалғасын:

"Бастар,
- деп алға,

зейінмен,
-

Страницы