ВЕРНУТЬСЯ

     Су
тұнып, айдынында - бу сақталған,

Ағаштар
жылқы құсап жусап қалған!

Жапырақ
дір-дір етіп тоңып жатыр,

Үстіне
керпе сұрап жұмсақ талдан.

Ай
туып - қызыл ерін қиықтанған,

Сәулесін
түсірмейді бұйыққаннан.

Қарағай,
қайың, терек тұнжырап тұр,

Көл
үсті - сүт секілді ұйып қалған.

Талдар
жоқ көктемдегі бүршік
атқан,

Бұлақ
жоқ - тастан-тасқа ыршып аққан.

Бастарын
кеудесіне тығып алып, -

Торғайлар
бұғып отыр - күншуақтап.

Шыққандай
бір айдаһар
бұлт
ішінен,

Қорқасың
шұбар бұлттың түр-түсінен.

Жылжиды
анда-санда бір күрсініп...

Күн
көзі жаңылғандай күлкісінен.

Қайың-қыз
ақ көйлекпен жүретұғын,

Сыпситып
киіп апты - сұр
етігін...

Тұрғандай
қызығып һәм қызғанып та,

Түріне
жазда түскен - суретінің...

Тау
жатыр жамылып ақ - тонын ауыр,

Қағады
тоқылдақтар- қоңырауын...

Күліп
түр бәз-баяғы қалпымен тек,

Шыршалар
- ашып тастап омырауын!

Осылар
- өзгермейтін киелі бақ

Осылар
- сүйсе өмірді, сүйеді нақ!

Жомарт
жаз қош айтысып бара
жатыр,

Қаздардың
қанатына - тиеліп ап...

Күн
өтті.

Алға
тағы асты бір күн...

Бейнесі
осы ма еді - жас ғүмырдың?!

...
Күз құсап қоңырайып отырмын мен,

Түсіріп ақ желкенін - жастығымның!