ВЕРНУТЬСЯ

      "Мазалап
көзімді ілсем әр-сәрі не,

(Бұл
бәлкім, қыздың арман-аңсары де).

Сен
жайлы бір түс көрдім!

Жорышы?"
- деп,

Оятты
ол шырт ұйқымнан таңсәріде:

"Қарағай,
қайың, терек мүсіндеген, -

Кездестім
тау ішінде - түсімде мен.

Қасында
қыпша белді бір сұлу жүр -

Көркімен,
жанарымен ішіп-жеген...

Түн
жарық!

Бірақ
әлі тумаған Ай,

Сыбдырлап
ақ қайың мен ну қарағай,

Астыңда
ақбоз ат бар ойнақтаған,

Жортақтап
бара жаттың шыңға қарай.

Өрмелеу
атқа мініп - сынақ тауда,

Сылдырлап
сүйрейледі бұлақ
та алға.

Мен
саған құзда тұрып дауыстадым:

"Абай
бол!

Қия
шыңнан құлап қалма!"

Құламай
өрлей бердің сен бірақта,

Өзіңе
сендің, бәлкім, сендің атқа!

"Аман-сау
барып қайт!" - деп тілек тілеп,

Қол
бұлғап қала бердім - мен жырақта!..

Ояндым,
арманға сол - атты
жорып,

Алдыңда
сенің үлкен жатты жорық!

Қожаның
қызы едім мен...

Түс
жорысам:

Сапарың
аяқталмақ - сәтті болып!..

Алдыңда
- Арман таңың!

Үміт
таңың!

Сынайды
алыс сапар жігіт бағын!

Қайтарда
сарқыт сұрап, күтіп алам,

Түстің
де қиуазы бар - ұмытпағын! -

Раушан
осылайша деді маған:

Барып
қайт ең алдымен еліңе аман!

Сонда
өзің борышыңды сезінерсің,

Өзіңнен
сарқытымды келіп алам!!

Келемін!

Келем
сөзсіз - илана бер!

Білемін:
сені байтақ сыйлаған ел.

Сен,
жалғыз - ақын емес,

Суретші...

Күйшісің
- тал бойыңа сыйған өнер!

Өнердің,
Құдай саған бәрін берген!

Адамсың
өмірдің бұл дәмін керген.

Ақын
ғой!

Тоқсанын
да тойласын!- деп,

Сұрар
ем, сөз берсе егер, -

Тәңірден
мен!.."

2

-
Айналдым тілегіңнен, Раушаным!

Менің
де тұңжыраңқы
тұр-ау шағым.

Сен
мені кәрілікке қимасаң да,

Барады
самайымды қырау шалып!..

Ақ
тал шаш самайдағы кәрілік пе,

Кәрілік
- сенсең егер әр жігітке!

Қалайда
тежеу үшін қарттық шегін,

Қояр
ем нүктеден соң, тағы нүкте!

Сонда
сен жастығыма сенер ме едің,

Шашыма
ақ түспесе - егер менің?!

Ақ тілек, ақыл айтар қыз болмаса,

Мен,
бәлкім, қартаймай-ақ

Өлер
де едім!

Жас
келді...

Кеміген
соң
күшім - ерен,

Енбеспін
енді қайтіп түсіңе мен!

Өйтсе
де Бақыт тілеп жүрген -

Қыздың,
-

Өлсем де саулығы үшін ішіп өлем!