ВЕРНУТЬСЯ

              Сен
сұрайсың:

-      Аз неге достарың? - деп,

-      Айналайын, қайтесің, босқа күндеп!

Жөні
келсін, келмесін кекететін,

Нақ
осындай орынсыз оспағың көп.

Жамандық
па, жатымнан тілейтінің

Жақсы
болып, сенің де қосқаның жоқ!

Сен
сұрайсың:

-      Аз неге танысың? - деп,

Тұрам
сонда ішімнен намысым кеп:

-      Маған таныс!

Бүкіл
ел, -

бүкіл
дала,

Маған
таныс!

Жақының,
алысың жоқ.

Мені
сыйлап жүретін -

Ағайын
көп,

Маған
- жеңге,
ал саған

абысын
көп!..

Сен
сұрайсың:

-      Көп неге дұшпаның? - деп,

Қайткенде
де бір жерден ұстағың кеп.

-      Көбейгенін қасымның тілеймісің,

Неге
сенің осынша тұспалың көп?!

Жақын
тартқан адамды жатсынбадым,

Ол
жатсынса - құшақтап,

құшқаным
жоқ!

Қосыл
менің сөзіме,

Қосылма
көп,

Саған
тағар кінәм де,

Дауым
да жоқ:

Әзім
тузу жүргенде
-

Досым
да көп!..

Өзім
бұзық
жүргенде
-

Жауым да көп!..