ВЕРНУТЬСЯ

     Төрінде төлі байлаулы,

Колхоздың
аты - "Молшағыл"

Қуанушы
едік жайлаудың, -

Төсіне
қаптап қонса ауыл.

Әсемдік
біткен қайда деп,

Даланы
кезіп іздеуші ек.

Тербесе
гүлді майда леп,

Аялап
біз де үзбеуші ек.

Қырқаның
сәнін келтіріп,

Құлпырып
тұрса
өскен гүл.

Етегін
үрлеп,

жел
түріп -

Жылжитын
алға көшкен құм.

Ілесіп
соған байтақ ел,

Түріле
түгел көшетін.

Жасарып
сонда қайта бел,

Жусаны
қаулап өсетін.

Қырқаны
қаптап жабатын,

Қураған
қайта гүл өсіп.

Сағымдар
самғап ағатын.

Қанатына
желдің ілесіп.

Ол
күнде қандай?

Сезбедім,

Қадірін
гүлдің қаулаған.

Есімде
бірақ кездерім,

Ақ
төсек құмда аунаған.

Кететін
жаздың кешінде,

Әкеммен
бірге тойға анам,

Сондағы
түндер есімде,

Жасырынбақтар
ойнаған...

Қуалап
көңіл көктемін,

Құлайтын
едік кешке кеп.

Жастықтың
қалай өткенін,

Ұмытып
қаппын...

Есте жоқ...

Арада
өтті қанша ай, күн,

Орнында
әлі "Молшағыл".

Балалығымды
аңсаймын.

Есіме түссе сол шағым.