ВЕРНУТЬСЯ

     Жастығым
қайда менің,

Айтшы
өзің, айна көлім.

Бұлақтай
құйып барып,

Қалды
ма тұйықталып.

Жұлдыз
боп жайнап едім,

Сол
шағым қайда менің?!

Желге
ұшып кеткені ме,

Хош
айтып көктеміне.

Қаз
едім қаңқылдаған,

Жаз
едім ән тыңдаған.

Айна
көл, айт тағы да,

Сол
жақтан қайтпады ма.

Бұлақ
ем бұрқыраған,

Сусайтын
бір күн адам.

Теңізге
құйып барып,

Қалды
ма тұйықталып.

Жастығым,
қайда менің,

Айтшы өзің, айна көлім.