ВЕРНУТЬСЯ

     Сауалыма отырдың мән де бермей,

Жолықтың ба біреуге әлде мендей?

Көрген жоқсың бұрын-соң
сынап тегі,

Кінәм қанша, қарғам-ау:

"Шал" дегендей?!

"Шал" деп айту ақынға жараспайды,

Ақын жұрты алпыстан әрі аспайды...

Сондықтан ол өтеді мәңгі жас боп,

Кәрілікті сезімнен аластайды!..

Мұны бірақ біреулер ұға алмайды,

Ал жігіттер қыздарды құр алдайды.

Сұралмаса, тегінде
қатыннан жас,

Ақыннан да жас, сірә сұралмайды!

Жас боп ақын өмірден мәңгі өтеді,

Ақын жайлы аңыз көп!

Ән жетеді...

Той-топырда жүрмесе ақын шалқып,

Керген қызық, ойлашы, сән бе, тегі?!

Ақынды елі көтеріп тік ұстайды,

Өйткені, Әлем елеңмен тыныстайды!

Сөзді ұғатын сезімтал Ару қыздар

Халқы сүйген адамнан ығыспайды.

Біреу кетіп жатса да,

біреу келіп,

Бас-басына бермеймін түнеуге ерік.

Ойлап кейде отырам: "Шаңырағыма -

Қала ма деп бір бикеш тіреу болып!"

Қайда мені сол бикеш ұғатұғын -

Басқа түскен қайғымды қуатұғын?

Қазақ қызын қалайша дәріптеймін,

Ұға алмаса қазақтың бір
ақынын?!

Сен де сондай бикештің бірісің бе,

Өмір қымбат адамға - тірісінде!

Түсініспей өтсе егер ақын мен қыз,

Өйткен өмір құрысын!

Құрысын! - де.

Саған, жаным, бұл өмір құрымасын,

Сен де, бәлкім біреуге ұрынарсың.

Сонда барып тірліктің тауқыметін

Жаныңмен сезерсің...

Ұғынарсың...

Сәтті тірлік тілер ем мен де саған,

Болмасам да туыс бір жерлес ағаң.

Ниет дұрыс болмаса - жолаушы да

Сапарынан оралып, келмес аман!..

Мен де ағаңның бірімін!

Ниетім - оң!

Жақсы көрген қызымды сүйетін ем.

Жатырқамай,

Жатсынбай жанымды ұғып,

Көбелекше отыма - күйетін ол!

Іштей бөгеп тұрса да күдіктерім,

Мен өзіңнен, күлімкөз, үмітті едім.

Кете алмадың, қайтемін,

Сен де бірақ,

Басымдағы мұңымды түріп менің?! .

Түріп менің кетпедің мұнарымды,

Адам аз ба тірлікте, сірә мұңлы?

Өлеңіме өзек
қып - шын аруды -

іздеп келем мәңгілік сыңарымды,

Шынарымды