ВЕРНУТЬСЯ

    Бөркін жайып, баспалдақта отырған

Көз алмайды өткен-кеткен соқырдан.

Табысы жоқ, демек ішер асы жоқ...

Тірі адамға тәңірі берген қасірет!

Емес және жасы жеткен кәрі бұл,

Не берсең де бас изейді - бәрібір!

Көз демесең, қол-аяғы
балғадай,

Не берсе де алып жатыр талғамай.

Отыр байғұс -ұшар онда қанат жоқ,

Тиындарды тырсылынан санап тек...

Сөзге тартып көріп едім, әлгі адам

Болды өзінің бар тірлігін
жалмаған:

Басқа өзінен бір де пенде қалмаған,

Сол үшін де құдайын ол
қарғаған...

Өзі құдай болғаннан соң,
жарықтық

Жаратты екен неге адамды кәріп қып?

Мүсіркейсің: әй, тағдыр-ай, тағдыр-ай,

Көз бермеген тәңірінің тарлығы-ай?!-

Қолын жайып, қайыр сұрап отырған

Көз алмайды шұбырған жұрт
соқырдан.

Жандары ашып,

көрмейтұғын жанары

Зағипқа әлгі тиын тастап барады.

Мүсәпірдің тағдырымен санасып,

Нан да ұсынып жатыр бірі жаны ашып.

Мұндайларды аяу керек әрине

Бермесін тек тағдырларын сәбиге!

Олар қайтіп сұрамақшы қол жайып,

Бұл әйел кім?

Оны да енді болжайық!

Алдында ұлы - қос жанары жаудырап,

Түк сезбейді, отыр мүлгіп
маужырап.

Анасында бар ма, жоқ па көз мейлі

Мына сәби оны бірақ сезбейді...

Кермейді әйел өзі туған баласын,

Көрмейді әйел өзі тұрған қаласын!

Егде тартып қалған сынды жасы кеп,

Қандай қиын тағдыр салған қасірет!

Мүсіркейсің: әй, тірлік-ай, тірлік-ай,

Ұл берсе де, көз бермеген бір құдай!

Зағиптарға - кермейтұғын
жанары

Баз біреулер бұрылмастан барады.

Қарасаңшы-ей, ең болмаса мүсіркеп,

Бермесеңде, мейіріміңді түсір тек!

Әр жүректе болу керек мейірім,

Аударатын кемтарлардың зейінін.

Құдай оны жаратса да
кемтар ғып,

Көрсетпеуің керек оған, сен тарлық!

Өмір мәнін

Осындай боп отырған -

Үйрену де керек шығар, соқырдан!?