ВЕРНУТЬСЯ

     Көмкерген
көл
жағалай майда құрақ,

Келеді
асыр салып айна бұлақ.

Күміс
көл
сабасынан асып жатыр,

Шамасы
сыймаған соң сайға құлап.

Қоңыр
қаз қанатымен сызық сызып,

Қойыпты
құс біткенді қызықтырып.

Айдында
он екі ақ құс би
билейді,

Қаймағын
көл
бетінің бұзып тұрып.

Болса
да қонатұғын
құба дүз көп,

Тырна
жүр түстенетін
тұрақ іздеп.

Оны
да көл
бетіне шақырады.

Аққулар:
"Ансамбльді құрамыз", - деп,

Балауса
құрақтарын өрмелетіп,

Кел
жатыр күнді өзіне
орден етіп.

Шағала
шаңқылдайды шабақ іліп,

Көгалда
келеңкесі көлбең
етіп...

Кең
өлке!

Қоныс
етсе айдыныңды,

Білмейді-ау,
құстарың да қайғы-мұңды.

Менің
де арманым жоқ қорғап өтсем,

Әзіңнің осынша мол байлығыңды!