ВЕРНУТЬСЯ

      Түнгі
Ташкент.

Көше
- нұрлы! Тыныштық!

Бұл
өлкенің күні түгіл, түні ыстық!

Салқын
түсе қайтпақ болдым

Қыздармен
-

Қарасуға
қыдырыстап, тыныс қып...

"Ертіп
неге келесің, - деп, - көп қызды?"

Барған
үйім жатырқаған жоқ бізді...

Қазағымның
қонақжайлық салтымен

Дастарқанын
кең жайып, той өткізді.

Есте
бәрі сол түнгі сыр...

Сол
тірлік!

Дәмдес
болған бір жігітті шопыр ғып,

Қарасуда
таң бозарып қалғанда: -

-      Қайтамыз! - деп "Жигулиге"
отырдық.

Өзімізше
қалтарыстау тұсты аңдып,

Зулап
бердік, секілді бір ұшқан бұлт.

Тасқараңғы
көше бойлап тартып ек,

Қуып
жеткен милицияға ұсталдық...

...Тоңып
кеттім!

Мұздай
суық жел гулеп,

Түстім
тездеп, өзім жауап бергім кеп.

Айттым
оған:

-      Ғафур Ғұлам тойына,

Алматыдан
қатысуға келдім! - деп.

Жап-жас
жігіт тұрды да сәл ойланып,

Атқосшымның
правосын қойды алып...

Біраздан
соң қайтып берді өзіне...

Серпілгендей
болды күдік бойдағы!

-      Тегім болса ортақ сенің тегіңмен,

Сол
үшін де келдім іздеп елімнен!

Ақын
жұртын сыйлап өскен, бауырым,

Құрметіңе
рақмет! - дедім мен...

Көз
алдымда бар сурет...

Бар
кесте...

Ташкент
түні осылайша қалды есте!

Сол жігітті көргендей боп
сезінем,

Серуендеп шыққан сайын әр кеште.