ВЕРНУТЬСЯ

     Көздерін
сығырайта қысып көріп,

Балконда
отырса да мысық торып,

Үрікпей,

Үрейленбей
қос кегершін

Үнемі
қонушы еді ұшып
келіп.

Қонса
олар терезенің тұсына кеп,

Аш
қой деп, нанды турап ұсынар ек.

Мен
сонда екеуіне қараушы едім:

Жіберген
пейіш жақтың құсы ма? - деп.

Басым
ба аңқаулығым, аңғалдығым?-

Білмеппін
тірлікте де мән барлығын.

"Байғұстар
ашыққан соң келді ғой" деп,

Суға
езіп ұсынушы ем нан қалдығын.

Сол
бойда-ақ төбелесіп,
жағаласып,

Бір-бірін
қанатымен сабаласып, -

Ұсынған
нанды жерге тегіп-шашып,

Аштан-аш
кетуші еді "қара басып".

"Байғұстар
барар екен енді кімге,

Күнелтіс
таба ала ма кемді-күнге?" -

Деп
ойлап отыр едім...

Сыңары
жоқ -

Біреуі
жалғыз ұшып келді бірде.

Қасыма
келіп қонды ол.

Ығыспайды:

Дей
ме әлде:

"Жалғыз
өзін
кім ұстайды?"

-
Сыңарың, әй, бейшара, қайда? - десем,

Құрқылдап,
бірдеңе деп дыбыстайды.

Тілі
жоқ айтатұғын - міңгірлейді,

Әйтсе
де оның сырын кім білмейді?!

"Сыңарым
аш мысықтың жемі болып, -

Қаңғырып
жалғыз өзім
жүрмін" - дейді.

Содан
соң қояды да нанға басын,

Шұқылап
жей бастайды алдағы асын.

Құс
екеш, құсқа дейін тентіреткен

Тағдырдың
тауқыметіне таң қаласың!

2

Ағайын,
шынымды айтсам, ойлап алып,

(Соңғы
бір мерейтойды тойламадық!)

Тойлар
ем...

Күрмеуі
жоқ қысқа жіптің

Бұғаулап
аяқ-қолды қойғаны анық!

Күш
қайда оның торын
бұзатұғын?!

Алмап
ем айтқан елдің жүз ақылын.

Білмеймін,
кешіктім бе? -

Ғұмыр
өтіп,

Барады
"кәрі қыздай" ұзатылып...

Сүйрейді
асықтырып, мені бірге

Білмеймін!

Тірліктен
бұл жерідім бе?!

Алыстан
қол бұлғайды қылымсыған

Сонау
бір кербез-сылқым елігім де.

Бір
кезде не десем де қош көретін,

"Ер!"
десем, іркілместен кешке еретін,

Қасымда
біреуі жоқ!

Енді
менің -

Жанымның
кім үрлейді өшкен отын?!

Жастық
шақ еткенің бе, баяғы үстем,

Бұл
күнде сүрінгенге таяныш кем! -

Деймін
де...

Қос
жанары жаудыраған

Қараймын
көгершінге
- аянышпен:

"Жаудырап
қосжанарың, байғұсым-ай,

Келдің
бе, менен де хал-

жайды
сұрай? -

Сен
жалғыз қалсаң егер...

Мен
де жалғыз!

Құдайдың
тап болдық па қарғысына-ай!

Қайтеміз
сұм тағдырды сынай беріп,

Жарылқар
кейін бізден шырай көріп.

Хадисте:

"Құдай
жалғыз!" - деген сез бар,

Өтерміз біз де ендеше "Құдай" болып!