ВЕРНУТЬСЯ

         Мынау кезең неліктен, қиын, Алла-ай,

Сиындық
қой Тәңірге, сиынардай!..

Әрі
ойлаймын...

Түсінбей
бері ойлаймын,

Содан
ба екен, қалады миым алмай!..

Екеу
неге болмаған басы құрғыр,

Екеу
болса, тыңдар ед, ғасырым бұл.

Бір
шаруаны тындырып тастар едім,

Ойым,
бірақ жан-жаққа
шашылып жүр!

Жараспайды
сөзге - мұң!

Жырға
- қайғы!

Бұлар жүрсе...

Көзден
жас "құрғамайды!"

Басын
қосып біраз іс тындырар ем,

Бір
ойымды - бір ойым тыңдамайды!

Бір
ойым бар:

Өлеңнен
- отты іздейді,

Екінші
ойым оны алға өткізбейді.

Басын
қосқым келеді-ау екеуінің

Жүйрік
ойлар жүйткіген жеткізбейді.

Жеткізбейді...

Сонда
да қуа берем:

Болмасын,
- деп, тегінде, -

Кінә
менен!

Шын
қуансам - шабытым шырмалады...

Шын
қайғырсам - тәп-тәуір

туады
өлең!..

Туады
өлең!

Жақсыны
-ұғады әлем!

Нұсқау
жоқ қой, Заманды сына деген!

"Өзге
жазып жатыр" деп өзеурейтін -

Шыға
қоймас ондай ой, сірә менен...

Болса-дағы
менің де "атым дардай",

Жүрген
жоқпын шалқып кей ақындардай.

...Отырмын
нақ осы сәт ойға шомып.

Заман жайлы жазуға - дәтім бармай!..