ВЕРНУТЬСЯ

      Жасартып
жота-бөктерді,

Жасантып
белес-белдерді,

Сол
жылдың ерке көктемі

Алатауға
да келген-ді.

Толтырып алма, өрікті...

Төсіне
аппақ нұр
тұнып,

Алатау
- аппақ бөрікті,

Алматы
жатты құлпырып.

Бұлағы
бұрқап иінде,

Көмкерсе
гүлдер белесті -

Шырайлы
кеште үйіңде

Отыру
мүмкін емес-ті.

Сылдырап
судың дыбысы,

Ақ
гүлін
апорт төсеген.

Келеді
бір қыз түн іші

Қыдырып
жалғыз көшемен.

Қиялмен
кезіп даланы,

Тайырдың
оқып жырын да,

Сағынып
еске алады,

Орданың
жалпақ құмын
да!

Айналар
адам сорлыға,

Жоғалтса
жастай панасын.

Ойлайды:
"Мәнсия" орнына,

Мәншүгім
дейтін анасын...

Не
керек жылау жас жанға!

Сілкініп
ойдан ол кенет,

Шалқая
қарап аспанға,

Кетеді
тауға өрмелеп... (Табиғатпен сырласқан қыз)

Өбеді
баяу жел беттен,

Барады
нұрын бүркіп ай.

"Ғажайып
едің сен неткен,

Алматы түні, шіркін-ай!" -

Жұлдызға
қарап самсаған,

Ойланып
Мәншүк көп тұрды:

"Осы
ма бақыт аңсаған,

Жымыңдап
жанған от түрлі?.."

Мәнсия-Мәншүктің
шын аты.

Қарайды
неге жымыңдап,

Жеткізбес
алыс арман ба

Шолпанға
әлде қырындап,

Аспанға
кетіп қалған ба?!

Сағынса
бастап баратын,

Ордаға
- сонау Оралға,

Жұлдыз
боп жымың қағатын,

Жігіттің
көзі болар ма?.."

Сәулесін
құйып маңайға,

Алтын
ай жылжып барады.

Кеудесін
тосып самалға,

Мәнсия
тауға қарады.

Алатау
жатыр, түк үн жоқ,

Асығып
соған барады ай.

Бірдеңе дейді күбірлеп,

Аққайың,
шырша, қарағай.

Мәнсия
солай шат күйде

Ауадан
саумал нұр ішіп,

Ән
салып келе жатты үйге,

Бәрімен
іштей ұғысып...

Ақтарды
келе сырды алға,

Еркелей
күліп: "Әпке!" - деп:

-      Дүние тыныш тұрғанда,

Адамға
қандай бақ керек?!

Оранып
шыңдар ақ қарға,

Алматы
гүлдеп жатқанда,

Сайраса
бұлбұл
бақтарда

Осыдан
асқан шақ бар ма?! -

Деді
де Мәншүк қайталап.

Бетінен
сүйді жеңгесін:

-      Бізді де сынап, байқамақ

Туатын
болса, елге сын!

Ойлана
қарап Әмина

Сөйледі
баяу күрсініп:

-      Тыныштық болса, әрине,

Бақытты
болмақ тіршілік!

Дәуірің
от қой,

жансаң
да,

Неліктен
жанды демеспін.

Анадан
жастай қалсаң да,

Анасыз,
бірақ емессің!

Әмина-Мәншүктің жеңгесі.

Жасыңнан
өткір,
жалын ең,

Жалынсыз
болу - ол да мін.

Әкеден
жетім қалып ең,

Әкесіз,
бірақ болмадың!

Бұйырса
қайтем, жол дәмі

(Зиян
ба мұның,
пайда ма?)

Еліңе
сыйлы бол-дағы,

Аман жүр, қызым, қайда да! (Тілек)

Алматы
таңы

Арайлап
бүгін атқан-ды,

Нұрына
бөлеп,

Алатау
шыңын- шатқалды.

Астана
халқы

Күндегі
дәстүр, дағдымен,

Жұмыстан
келіп,

Тірлігін
жалғап жатқан-ды.

Осынау
кеште

Көшеге
сәнді гүл
тұнып,

Жасарған
еді

Алматы
ғажап құлпырып...

Түн
іші, кенет -

Дүние
біткен дүрлігіп,

Тұрғандай
болды,

Алатау ұшып, сілкініп.

Сұмдық
қой мынау...

Тып-тыныш
өмір дүрлікті,

Көтеріп
бәрін

Бара
жатқандай бір мықты...

Әлгі
бір бейжай

Тірліктің
түні у да-шу,

Үрейлі
халық

Эфирге
қарап сыр күтті.

"...Москва!
- деді

Құлаққа
бірден таныс үн:

Отанға және

Халыққа
туды тағы сын!

Ұрланып
келіп,

гитлершіл
жендет бас салып,

Аяққа
баспақ

Әділетті
елдің намысын.

Одесса...
Киев...

Севастопольді
бомбалап,

Бұршақша
сеуіп,

Төгуде
көктен тонналап...

Ендігі
парыз -

Советтің
ұл мен қыздары,

Аттанып түгел

Отанын
жаудан қорғамақ!"

Естілді
елге

Левитан
даусы саңқылдап,

Егілді
соны

Кемпір
мен үйде шал тыңдап.

Сол
күні-ақ өтті

Кешеден
жаяу, атты әскер

Қолында
қару,

Көзінде
жасын жалтылдап...

Басталды
қауырт

Өмірдің
қиын шақтары,

Тыйылды
күлкі
-

Серуен-саят
бақтағы.

Толассыз
арыз -

Майданға
сұрап жазылған...

Жігіт
пен қыздар

Ойланып
ешбір жатпады.

Сезінді
сойқан

Соғыстың
жайын жұрт енді,

Әкетті
бірден

Жарамды
жас пен үлкенді.

Мәншүк
те, міне,

Медсестралар
оқитын

Ашылған
жедел

Үйірмеге
келіп тіркелді:

-      Кетемін мен де,

Кетемін
мен де майданға,

Барамын
сонда,

Болса
да соғыс қай маңда.

Ренжиді
әпкем:

"Қиылмақпысың
қыршыннан?"

Таппай
ма бірақ,

Алатын
ажал қайдан да?! -

Бастыққа
қарап,

Сөйледі
Мәншук тесіле:

-      Ойласам қазір

Түседі
бір сөз есіме.

Айтатын
әпкем:

"Тәуекел
түбі - жел қайық",

Тәуекел
етпей

Қорқамын
онда несіне?!

Қансоғыс
жақтан

Әйел
мен бала, жас-кәрі

Қазақстанға

Ағылып
келе бастады.

Туыстай
көріп

Қарсы
алып жатты оларды

Қаскелең,
Талғар...

Қаланың
Медеу, Тастағы...

Бейтарап
елді

Бомбалап
өткен
аз-ак, күн.

Өңіңде
жұрттың

Қалдырған
табын азаптың.

Эшелон
болып

Ағылып
жатты адамдар:

"Жеттік,
- деп аман, -

Жеріне
мейман қазақтың!"

Ұрланып
кірген

гитлершіл
азғын қан құйлы

Ажалды
септі...

Бейкүнә
жандар жан қиды.

Жанары
мұңлы

Аман-сау
қалған шалдардың

Киімдерінен

Түтіннің
иісі аңқиды...

Үрейлі
бәрі:

Адам
жоқ азап шекпеген,

Жылай
да-жылай

Ісінген
көзі
бетпенен.

Жанары
мұңлы

Аман-сау
қалған балалардың

Өңінен
әлі

Қайғының
ізі кетпеген...

Составтар толы:

Жаралы
жүрек - мұң-қайғы,

Тыңдасаң
үнін

Көкірегіңді
тырнайды...

Бүлдіршін
кілең

Үреймен
үрке қарайды,

Бірінші
рет

Көріп
тұр Мәншүк
мұндайды!

Елжірей
қарап,

Қиналып
Мәншүк тұр
еді,

Қол
созды кенет

Сәбидің
құйттай біреуі...

Елес
пе тәйір:

"Апа"
деп қалды ақырын,

Дүрсілдеп
кетті

Сезімтал
қыздың жүрегі:

-
Келе ғой, күнім!

Сәби
ең неткен ақылды, -

деді
де Мәншұк

Құшағын
жайып шақырды.

Сөйткенше
ол да

Мойнына
келіп асылды,

Көрген
бір жандай

Өзіне
туыс-жақынды.

Бетінен
сүйді.

Сезімі
қыздың дір етті,

Екеуін
сол сәт

Аймалап
аппақ нұр өпті...

Ойлады
Мәншүк:

"Аналық
мейірім болмаса,

Қайтемін
босқа

Арқалап
жалған жүректі?!

Қор
болып жатса,

Ит-құсқа,
жем боп ырысым,

Қорғамай
оны    

Үйде
отырғаным құрысын!

Жерімді
байтақ

Жендеттер
өртеп жатқанда,

Жеңбесем
оны -

Дүниеге
келдім кім үшін?!

Әкесі
қайда?

Анасы
қайда сәбидің?

Бейкүнә,
қайран

Бүлдіршіндері-ай,
әр үйдің.

Аты
кім екен? -

Махамбет
десем болар ма?

Жалыны
үшін

Берсем
бе атын Ғанидың?!

Қайталап
сүйді

Елжіреп
Мәншүк: "Келші!" - деп,

-      Аламын сені -

Қаласаң
мені еншілеп...

Туысың
басқа

Болғанмен
бірге Отаның,

Ендеше,
бізді

Айыратын
да көрші жоқ!..

Оңалмай
елдің күйі де,

Қиналып
жатты ес кетіп.

Бұл
күні
Мәншүк үйіне,

Оралды
түнде кештетіп,

Әмина
басын шайқады,

Қажыған
қызын қарсылап.

Жанарын
шолып байқады,

Өңінде
мұңлы бар сұрақ.

-      Немене, қызым, ұсқының

Ұйқысыз
әбден шаршаған?

-      Сонда да тыңмын, күштімін!

Айтарым,
әпке, бар саған.

Шаршасам
өзің дем бердің,

Сеніміңді
артқан ақтадым.

Атуды
шебер меңгердім,

Әскери
мен де саптамын!

Даурықса
дұшпан басынып,

Намысын
елдің қорлайды.

Қыздар
да қару асынып,

Отанын
жаудан қорғайды!

Уайым
- теңіз, түбі жоқ,

Батам
деп, бірақ қорықпа!

Еріктілердің
бірі боп,

Кетемін
ертең жорыққа!

-      Асықпа, қызым, сәл шыда!

Емес
қой мұның, шат хабар.

Саған
да жұмыс бар шығар,

Ауылда
қалып атқарар...

Аямас
қыз деп сені ешкім,

Болса
да тіпті төбелес.

Ысылған
еркек емессің,

Соғысу
саған - қол емес!

-      Ұлы Отан дабыл қаққанда,

Жігіт
пен қыздар аралас

Аттанып
бара жатқанда,

Бөлініп
қалу - жарамас!..

Жаудырап
жалғыз қалам ба,

Құлқыма
құлын құрық сап? -

Ол
үшін, апа, маған да

Беруің
керек рұқсат?!

Өткізіп
қыс пен көктемді,

Таусылған
шақта тағаты,

Ақыры,
міне, соқты енді

Аттанар
күннің
сағаты!

Әкеліп
үйге балмұздақ,

Дайындап
жолға нан-дәмді.

Әмина
құйттай сары қызды ап,

Қаладан
кетіп қалған-ды.

Жалындап
қыздың от түрі,

Құшақтап
сүйді Динаны

Ананың
бірақ жоқтығы,

Мәншүктің
жанын қинады:

"Неліктен
кеттің, білемін!

Ойыңда
не бар? - оны да...

Хат
жазып, айтар тілегін

Қалдырып
кетті соңына:

...Білемін:
жанға батасың,

Елжіреп
тұр-ау ет-жүрек.

Ренжіп
жүрме, апашым,

Тыңдамай
мені кетті, - деп".

Жанары
қыздың мөлдіреп,

Қиялы
сүйреп тұрды алға.

Қарады
қимай соңғы рет

Алатау...
Аппақ шыңдарға...

Аялап
өскен гүлдерді,

Елестеп
өтті нұр шағы.

Ойлады
айлы түндерді -

Ақ
қайың, жасыл шыршаны.

Ойлады
мөлдір кештегі,

Қаланың
отын маздаған:

"Ұрыссам,
бәлкім, кеш!" -деді

Досына,
өлең жазбаған...

Сүйеніп
сыртқы есікке:

"Апатай,
шыдап тос мені -

Келемін
қайтып кешікпей,

Аман
бол! Мәншүк. Қош!" -
деді.

Жүйткиді
состав...

Көз
салып сыртқа қарашы,

Көсіліп жатқан-

Қазақтың
шалқар даласы.

Уақыт
шұғыл!

Жалғасып
енді кеткендей,

Баяғы
шалғай,

Үш
күндік
жердің арасы.

Қазақтың
елі -

Бақытты
жасыл жерімен,

Қазақтың
жері -

Даңқты
асыл кенімен!..

Қырқада
сонау

Көненің
көзі сияқты,

Барады
шұбап,

Жүк
артқан түйе - керуен.

Қаққандай
желге

Үйдегі
киіз, тулақты ап,

Шығады
түтін

Жерошақтардан
будақтап.

Селоға
әрбір

Тоқтаған
сайын поезд кеп,

Қоштасып
жатыр

Кемпір-шал,
бала шулап қап...

Зырлайды
состав...

Шулатып
бетпақ даланы,

Кейінде
қалды

Сырдың
да бойы, Аралы.

Мана
бір кезде

Қоштасып еді
Ақтөбе,

Мәншүктер
енді

Оралдан
өтіп барады...

Ыстық
қой, ыстық

Әркімге
туған мекені!

Сағынып
барсаң

Арқалап
алып кетеді.

Көргенде жаңа

Ақ
Жайық, Орал қаласын

Жеткен
жоқ қыздың

Төбесі
көкке
екі елі...

"Оралым
менің! -

Куәсі
болған ғасырдың,

Чапаев
сынды

Батырдың
даңқын асырдың.

Пугачевтің
де

Іздері
жатыр көшеңде,

Өздері
жоқ қой...

Оларды
қайда жасырдың?!

Оралым
менің! -

Құрдасы
талай ғасырдың,

Ақындар өтті...

Оларды
қайда асырдың?.."

Ойланып
біраз

Тұрды
да Мәншүк үндемей.

Оқыды
сосын

Өлеңін
жатқа Қасымның:

"Оралым,
шықтың алдымнан,

Оралым,
менің, Оралым,

Қол
созып қызыл вагоннан

Үстіңнен
өтіп барамын.

Оралым,
сенің қойныңда,

Ойнақтап
өткен
жылдарым.

Жарқылдап
Жайық бойында

Достармен
сайран құрғамын...

Сағындым
сені, Оралым,

Күндер
жоқ бейбіт бұрынғы;

Келгенше
қайтып оралып,

Алып
қал осы жырымды...

Қош
болшы енді, Оралым

Күле
бер шалқып, сайранда!

Айтпақшы,
қайда бораның?

Кетейін алып майданға".

Ыстық
қой, ыстық

Әркімге
туған мекені!

Жетпей
тұр
қыздың

Төбесі
көкке екі елі...

Боз
жусан жапқан

Бұйрат
құм, жазық, боз дала,

Көзіне
оның

Ордасын елестетеді...

Осында
өтті.

Есінде
еміс - сәби күн,

Кездесе
қалса,

Ағайын
біткен таниды...

Осында
жатыр

Анасы
марқұм жер болып,

Осында
бейіті -

Әкесі
Жиенғалидың...

Осында туып,

Киізден
жапқан үй көрген,

Дәуірдің
үнін

Тыңдаған
асқақ күйлерден.

Бес
жасар Мәншүк

Әнді
де шырқап, қорықпай -

Түйеге
мініп,

Атқа
да шауып үйренген...

Әжесі
бар-ды.

Шыққанда
белі бесіктен,

Батырлар
жайлы -

Аңызды
талай есіткен...

Сұрайтын
кейде,

Үй
ішін түгел мазалап,

Әпкесін
жоқтап:

-
Келем, - деп кетіп, кешіккен.

Құлпырған
шақта

Қызғалдақ
гүлдер көктемгі,

Ордаға
бір жыл

Әмина
келіп кеткен-ді.

Мәншүкке
сонда

Қаласын
мақтап алмалы,

Елгезек
қыздың

Үмітіне ұшқын, от берді...

-
Ойлама, - деді,

Алматы
ауыл екен, - деп, -

Алатау
қандай!..

Дүниеде
ондай мекен жоқ!

Уәде
берді:

Оқуға
жасың толғасын,

Арнайы
келіп,

Астанаға
алып кетем, - деп.

Бес
жасар қыздың

Толыспай
жатып санасы,

Ауырды-дағы

Дүниеден
өтті анасы.

Кешікпей
тағы

Ажалды
болды әкесі...

Қалмады,
сөйтіп,

Көлеңке
болар панасы!

Қартайған әже...

Мойнында
ауыр жүк қалды,

Қатыгез тағдыр

Оған
да қарсы сұқтанды...

Жабырқап
жүрген

Мәншүкті
қайғы торынан,

Алматыдағы

Әмина
келіп құтқарды!

Мектепке
берді -

"Он
екі" деген саны бар,

Бұл
мектеп қазір

Кімге
де болса - танымал!

Еденде жатыр -

Мәншүктің жүрген іздері,

Қабырғаларда

Жаңғырып
тұрар әні бар.

Туған
жер десе,

Жүрекке
сезім ұялап,

Жалықпай
оқып,

Жазатын
қалам, сияны ап...

Мұғалім
айтқан

Мына
сөз
қалды есінде:

"Отанын
сату -

Халқына
туған қиянат!.."

Өрекпи
соғып,

Еліне
деген жүрегі,

Келеді
жас қыз -

Мектептің
әлгі түлегі.

Сұрады
кенет:

-      Ойландың неге? - деп біреу,

Әйнекке
қарап,

Үн-түнсіз
Мәншүк тұр еді.

Тіл
қатты жаймен:

-      Бұл ара - Атамекенім,

Сезіп-ақ
келем

Жаныма
жақын екенін.

Келбетін
сұлу

Кекірегімде
өрнектеп,

Өзіммен
бірге

Майданға
алып кетемін!..

Кідірді
үнсіз...

Жігіт
те әлгі тым-тырыс.

Шаршатты
білем,

Өзгелерді
де бұл тұрыс -

Секірді
жерге

Паровоз
жетіп селоға,

Аялдап
аз-кем

Жасаған
кезде бір тыныс.

Бас
қойды бәрі

Ботакөз,
мөлдір бұлаққа,

Сылдырап
суы

Жылжиды ұнат, ұнатпа?!

Жиылып
қарттар,

Дабырлап,
сөйлеп
тұрған-ды,

Естілді
кенет

Домбыра
сазы құлаққа.

-      Сезе ме нәзік,

Домбыра
үнін осы жұрт?
-

Деді
де Мәншүк

Бастады
бір ән қосылып.

Қолдарын
соғып,

Жауынгер
жастар мәз-мейрам:

-      Күйінсін дұшпан!..

-      Қуансын әрбір дос ұғып!..

Қостады
түгел:

-      Достықтың, білсең, мәні не?

-      Түсінсін, дұшпан!

Жетеді
күші бәріне!

-      Қанішерлерге

Тажал
боп тимек тосыннан

-      Қазақтың күйі...

Мәншүктің
салған әні де! (туған жермен қоштасу)

Екінші
тарау

Келгелі
Мәншүк майданға,

Маңайын
от пен құрсап оқ;

Барады
асып айданда,

Дем
алуға да мұрша жоқ!

Килігіп
ауыр қыспаққа,

Ұйқы
да естен тандырды.

Хатшы
боп Мәншүк штабта,

Өткізді
қилы әр күнді.

"Соғысты
сырттай

жай
аңдап,

Кетем
бе жауды шын атпай?"

Тілегін айтты баяндап,

Жұмысын
Мәншүк
ұнатпай:

-
Үйренді жауға жүрегім,

Шабуыл
жасап қамалға -

Соғысқа
мен де кіремін,

Пулемет
керек маған да!

Нәсілі
қыз ғой демесең,

Асатын
менен мерген жоқ!

Радист
болып немесе,

Отыру
үшін келгем жоқ.

Көздеген
жауды түсіріп,

Қалдырмай
отап бір талын,

Күлдерін
көкке ұшырып,

Көздерін
түгел
құртамын!

Қырғидай
тиіп тас түйін,

Соғысу
парыз - ел үшін! -

Ескеріп
қыздың жастығын,

Бермеді
штаб келісім...

Бой
жетті деуге сенбейтін,

Жасы
- жас әлі, балғын-ды.

Сол
үшін ауру емдейтін,

Медсестра
ғып қалдырды.

Отырып
қалды тұнжырап,

Тағы
да тауы шағылып...

Тарқатты
шерін бір жылап,

Анасын
ойлап, сағынып.

Алдынан ұшты көзінің,

Алатау
жаққа ақша бұлт...

Жағдайын
айтып өзінің,

Жіберді
үйге хат жазып:

"Апатай,
есен-саумысың?

Сағындым
сені...

Ұрыспа?..

Тойтарып
кері жау күшін,

Үйреніп
кеттік ұрысқа!

Апатай,
сенбе, сен мейлің,

Аралап ауыл, жер-жерді,

Госпитальға
әкеп емдеймін,

Жаралы
жауынгерлерді...

Сырына
әбден жеткем жоқ,

Әскери
барлық өнердің.

Жаралылардың
көптен-көп

Алғыстарына
бөлендім...

Туады
күн де көксеген,

Қайтадан
баққа толады ән..

Өзіңе,
апа, көп сәлем! -

Сүйікті
досым - Толядан".

II

Командир
қызды ұнатқан:

-
Дайындал, Маша, ал, еркем!

Мергендік
деген сынақтан,

Өтесің,
- деді, -таңертең.

Сезімін
айтсаң Мәншүктің,

Есіткен
сол бір сәттегі...

Жүргендей
еді жаншып мұң,

Кеткендей
жауға тап кегі.

Ой
келді оған мынадай:

"Жанайын
десе бақ-нұры -

Сынақтан
ертең құламай,

Шешілмек
үміт - тағдыры!

Атудың
көп
қой сиқыры,

Шүріппесін
басу емес тек!" -

Ұмытты
Мәншүк ұйқыны

Көзіне
фашист елестеп...

Әр
қилы ойлар мазалап,

Таң
атқан шақта айықты.

Төсегін
жинап, тазалап

Далаға
шықты байыпты.

III

Шуақ
та құяр,

Қуат
та құяр адамға,

Төлен
деген жігіт.

Не
қилы сынақ,

Не
қилы сұрақ бар алда.

Өзгелер
сынды

Мәншүк те
келді сабырлы,

Нысана
көздеп,

Ататын
оқшау алаңға.

Бәрі
де үнсіз...

Айтатын,
бәлкім, сөзі жоқ.

Мәншүктің
бойын

Биледі
жалын - сезім-от.

Пулемет
қолда...

Қылтиып
тұрған нысана,

Елестеп
кетті

Фашистің
тура өзі боп!

"Пулемет
берсе,

Құртар
ем дедің, сен кеше,

Ренжір
едің

Атуға
рұқсат бермесе?..

Ал,
енді, міне,

Нысана
- фашист қарсы тұр,

Хақың
жоқ бір де

Мүлт
жіберуге, ендеше?!"

Көздеді
жауды

Қазақтың
қызы кек кернеп:

"Есірме,
фашист!

Сыбағаң
сенің жеткен, - деп..

Бір...
Екі... Үш... Тағы...

Тағы
да басты "Максимін",

Тоғыз
бен ондық...

Бір
оғы босқа кеткен жоқ!

-
Жарайсың! - деді

Командир
оған күліп кеп:

Жарайсың,
Маша!

Мұныңды
бұрын біліп пе ек?

Снайпер
болса,

Өзіңдей
болсын атқыштар,

Айтар
ем сені

Қыз
емес, нағыз жігіт! - деп.

IV

Мәншүкті
көрсе,

Алғандай
содан бір жарық,

Солдаттың
бәрі

Кететін жайнап, нұрланып.

Сыңғырлай
күліп,

Ерке
қыз әзіл тастаса,

Қызғанып
Төлен

Қарайтын
оған ұрланып.

Жігіттің,
Мәншүк

Барлығымен
де дос еді,

Тыңдайтын
бәрі

Секілді
көріп көсемі...

Алатау
жайлы,

Алматы
жайлы ән айтса,

Тамсана
тыңдап,

Көңілі
жұрттың өседі.

Бір
күні Мәншүк

Еркелей
сөйлеп
Теленге:

-
Қосылшы? - деді, -

Мына
бір асқақ өлеңге!

Бастады
сосын

Мұхиттың
"Үлкен айдайын",

(Білетін
мұны
-

Өскендіктен
де сол елде!)

Толастап
сәл-пәл

Самолет
даусы, от үні,

Тыныштық
еді.

Отырды
біраз со түні...

Астана
жайлы,

Кең
дала жайлы сыр толғап,

"Алатау"
деген

Жамбылдың
жырын оқыды...

Бұл күні
Мәншүк

Көңілсіз
онша емес-ті,

Самал
боп сүйіп,

Жүректе
жылы жел есті...

Әдемі
жігіт -

Төленге
қарап отырып,

Ертеңі
жайлы,

Өркені
жайлы кеңесті.

Шертілді
сырлар...

Бірі
айтса, тыңдап бірі ұқты,

Серпілтіп
ойдан

Күмән
мен небір күдікті...

Махаббат
жайлы

Әңгіме тағы айтылды,

Бал-кәусар
сезім

Суындай
таудың тұнық-ты!

Содан
соң бұлар

Қызғалдақ
жайлы жондағы,

Жазылған
жырды

Қосылып
бірге толғады...

"Осының
бәрін

Әмина
апай білсін!" - деп,

Жазды
да Төлен

Хат
жазып, оған жолдады:

"Жолықсам,
апа,

Айтатын
Сізге сырым көп!

Мәншүкпен
доспын:

Сыйынар
өзге
пірім жоқ!..

Жеңісте
келер,

Жалауы
жаудың жығылар,

Күтіңіз
бізді...

Қол
қойды сосын: Ұлың!" - деп. (Сезім туралы)

Жырақтау
кетіп,

Қазақтың
ән мен күйінен,

Соғысқа
кіру -

Қыз
үшін қандай қиын ең?!

Апасын
аңсап,

Сіңлісін
ойлап жүргенде,

Бір
күні Мәншүк

Посылка
алды үйінен.

Жабыла
кетті...

Алманың
иісі-ай, аңқыған!

Сәлем
ғой, мынау

Майданға
Қазақ халқынан!

Қуана
күліп,

Таласа
жеді солдаттар,

Бүтінін
- бүтін,

Жетпесе
- бөліп
жартыдан.

Мәншүк
тұр
үнсіз

Көзінің
алды жасаурап,

Түседі
еске

Жататын
көше
- тас аунап.

Түседі
еске

Ақ
қайың, шырша көмкерген

Бақтағы
әсем

Қызыққа
толы асау шақ...

Түседі
еске

Алатаудағы
ақ бұлақ,

Таппайтын
тыным

Түнімен
жортып шапқылап.

Түседі
еске

Парталас
қыз бен жігіттер,

Тұратын
кеште

Есікті
баяу қаққылап...

-
Не депті апаң? -

Сұрайды
бәрі құмартып,

Мәншүк
тұр үнсіз

Көзінің
алды мұнартып:

"Алмалы
қала...

Алатау...
қайта көрем бе?

Көрмесем,
қош бол!..

Соғыста
кімнен кім-артық?!"

Сағынған
еді...

Жүрегі
сонша толқыды,

Шаршатты
қызды

Снарядтардың
солқылы.

Есінен
кетпей

Апасы, құрбы-достары,

Түсіне
еніп,

Ұйқтамай
шықты сол түні.

"Сағынған
сен де

Боларсың,
апа, құсыңды?

Отырмын
жазып,

Өзіңе
көрген түсімді...

Алманы
жедік.

Ол
үшін Сізге,
рақмет!"

-
Тез, бар, - деп елге

Ең
соңғы хатын ұшырды... (елге сағыныш)

Келеді
салқын

Сібірлеп
атып күз таңы,

Шымшиды
ептеп,

Аяқтан
өткен сыз табы.

Өзеннің
үстін

Ақ
тұман бүркеп тастаған,

Тесіле
қарап,

Қас
қақпай отыр қыз тағы.

Өртеніп
жатыр

Жап-жасыл
орыс орманы,

Қап-қара түтін

Қайтадан
көкті торлады.

Танкімен
отап,

Қиратып,
кесіп таптауда,

Еліріп
кірген

гитлершіл
жылан - ордалы.

Жалынға
орап,

Орыстың
жалпақ даласын,

Бомбалап
көктен

Невельдің
әсем қаласын,

Басынып
әбден,

Есіріп
алған жендеттер,

Арандатпақшы

Аспан
мен Жердің арасын.

Таң
ата тағы,

Естілді
"иттер" үргені,

Арсылдап,
шулап

Келеді
жылжып ілгері.

Сол
сәтте Мәншүк

"Максимін"
іске қосқан-ды,

Есуас
жаудың

Ұшсын
деп көкке күлдері.

Еңкейген
шақта

Бесіннен
ауып, кешке күн

Ұмтылды
қайта

Жинаған
дұшпан
естерін.

Өз
қолын бастап

Жылжыған
алға Батыр қыз:

-
Бермейміз, - деді

Төбенің,
жауға, еш жерін!

Сиреген
дұшпан

Орасан
күшін шығын ғып,

Төбеге
оттан

Тағы
да құрды
шымылдық.

Осынау
сәтте

Жүгірген
алға Батыр қыз

Шешуші
соңғы

Шайқасқа
болды мұрындық!

Шақырып
алға

Ұмтылған
кезде: "Ура!" -деп,

Снаряд
-тажал

Жарылды
қызға тура кеп.

Мәншүктің
жүзін

Қызыл
қан жауып кетті де,

Аударылып түсті

Жанында
жатқан пулемет...

Ғаламат
шайқас

Шегіне
әбден жеткен-ді,

Фашистер
шулап,

Қырылғанына
кектенді...

Бір
ауық енді

Тым-тырыс
қалды дүние,

Құлаған
Мәншүк

Есінен
танып кеткен-ді...

"Жанып
тұр от боп,

Маңайдың
бәрі жарқырап...

Құлайды
тасқын

Алатауынан
сарқырап..."

Ес
жиған сәтте

Ентелеп
қалған құзғынды

Аңдыды
Мәншүк

"Максимін"
жақын тартып ап...

Майдандас,
сырлас

Досының
бәрін таң қылып,

Опасыз
жаудың

Жүрегін
отқа жандырып,

Ұстаған
күйі

Пулеметінің
құндағын,

Қос
қолдай кысып

Көз
жұмды Мәншүк мәңгілік!

Соңғы
сөз:

Мәметова
атында,

Алматыда
көше бар.

Тағзым
етсең Батырға,

Өскен
жері - осы ара.

Ұмытылмас
бейне бұл,

Батыр
деген ат қандай!

Көрінеді
кейде бір,

Өзі
келе жатқандай...

Отан
үшін жан беріп,

Кез
жұмса да ол мейлі,

Тірілерге
ән болып,

Рухы
мәңгі өлмейді.

Келсең
жолдас-жора боп,

Тағзым
етпей тек кетпе!

Арнап
барып, соға кет

Он
екінші мектепке.

Батыр
жайлы баяндап,

Сыр
айтады әр тасы.

Көз
жіберсең абайлап,

Анау
- соның партасы!

Сия-сауыт,
құралы...

Анау
соның дәптері...

Гүлге
оранып тұрады,

Оқу
залдың қақ төрі.

Біреуді
ол тосады,

"Той
болады" дегендей.

Орындығы
бос әлі -

Мәншүк
кіріп келердей.