ВЕРНУТЬСЯ

      Адам
көп!

Қайдан
келген?

Шұбалып
тас ауладан

Жылжиды
майдангерлер,

Көздері
жасаураған...

Қызы
мен ұлын енді,

Еске алып, бақта бәрі

Жазуға
үңіледі
-

Гранит
тақтадағы...

Жазылған
аты-жөні,

Ақ
мәрмәр құлпытасқа.

Мың
боздақ жатыр өлі,

Тілі
де, ұлты басқа!

Жүр мұнда
жесірлер де,

Жұрт
қайтіп жыламасын?!

Іздейді
Есімдерден -

Бірі
- іні,

Бірі
- ағасын!

Бір
кезде соңғы хатын

Осыдан
жазған ағам...

Көрсем
ғой соның атын,

Қуаныш
аз ба маған?!

Жеңгеме:
"Тірі екен!" деп,

Қуантып
бірінші рет:

-
Сол жақта жүр екен! - деп,

Жетпес
пе ем,
сүйіншілеп.

Білген
соң нақ түңіліп,

Үмітім
үзілгендей...

Жөнелдім
жалт бұрылып,

Ешкімнің
жүзін көрмей.

Амал
жоқ, бірақ қайттім,

Сенімім
ақталмады!

...Бұл күні
жылап қайтты,

Туристің бақтан бәрі...