ВЕРНУТЬСЯ

     Дем
берген арманыма осы менің,

Домбырам,
бала күннен досым едің.

Той-думан
бола қалса,

Бәйгесіне

Тұратын
екеумізді қосып елім.

Сен
менің кішкентайдан серігім ең,

Жарысқа
түсетінбіз сері кілең...

Күмбірлеп
көкірегімде
үнің қалды,

Қай
кезде сенен досым, жерініп ем?

Күй
тартсам, көрші-көлем
құлақ түріп,

Тыңдайтын
тау мұнартып, бұлақ күліп.

Тыңдайтын
қыз-келіншек шат-шадыман,

Тыңдайтын
кемпір-шалдар жылап тұрып.

Біреуге
"Бозжорғаның" шайқасы ұнап,

Біреуге
"Адай" күйдің айқасы ұнап,

Біреуге
"Сарыарқа" мен "Серпер" ұнап,

Қолқалап
тартқызатын қайта сұрап...

Қайталап,
әлгі күйді ұнаса,
атын:

"Тартшы,
- деп, тағы да бір?" -

Сұрасатын.

Ортайған
көңіл
сонда гүл ашатын,

Кәрі-қыс
қыз-көктемге
ұласатын!

...Тағы
да келді, міне Гүлсім-көктем,

Көктемнен
жерігем жоқ:

"Құрысын!"
деп мен.

Домбырам,
маған қарап мұңданасың,

Қол
тимей, аяулым-ау, тұрсың көптен!

Бұрды да
күйден гөрі
қаным жырға,

Кеттім
мен
сол тағдырға бағындым да.

Содан
ба, мұңың шағып, налып тұрсың,

Әлде
сен саусағымды сағындың ба?!

Барады
бастан өтіп
жаз арайлы,

(Ойлайтын
болдық енді қаза жайлы).

Ерігіп,
не жабығып жүрген достар:

-
Тартшы, - деп кейде келіп мазалайды.

Бап
керек домбыраға жырдан да әсем,

Сыры
бар қағыстың да:
жылдам, бәсең.

Мен
неге бұлданайын?

Жырламайын?

Күмбірлеп қақ төрімде тұрғанда, сен!