ВЕРНУТЬСЯ

     Ой
дегенің шым-шытырық ішімде,

Мазалайды
өңім түгіл, түсімде:

"Адал
достың айтқанына түсінбей -

Ренжітіп
кеткендігім үшін бе?!"

Ой
дегенің шым-шытырық ішімде,

Мазалайды
өңім түгіл, түсімде:

"Жар
алдында ізгілікпен кішірмей -

Жөн-жосықсыз
сөккендігім
үшін бе?!"

Ой
дегенің шым-шытырық ішімде,

Мазалайды
өңім
түгіл түсімде:

"Мұқтаждарға
шұғыламды түсірмей -

Қатігез боп өткендігім үшін бе?!"