ВЕРНУТЬСЯ

      Қойнына
ыстық гүл-қыздарды алып,

Аққайың
кеште - ырғалып түрлі...

Жымыңдап
көкте жұлдыздар күліп,

Сол
түні аспан нұрланып тұрды!

Көлдің
де кербез толқыны тұнып,

Құлпырды
таудың кестелі белі...

Ауа
да болды сол күні тұнық,

Үбінің
ерке - еспеді желі...

Жұлдыздар
көкте жымыңдап түрлі

Ақжолақтастап
ақпады бірі.

Ақ қайың
ару - сыбырлап күлді,

Етегін
қымтап қаптады гүлі.

Бұларды
түннің қызына балап,

Ілесіп
сері - самалға салқам,

Дүниеге
байтақ қызыға қарап,

Жападан
жалғыз келемін аң-таң.

Қарайды
маған нұрланып аспан,

Бақыттың
мұны - нышаны делік.

Сыңғырлап
күліп сырғалы жастар,

Барады
түннің құшағына еніп!..

Аққайыңдарға
бүр шығып, қонса

Сырым
бар айтар досыма менің:

Тірліктің
мәні - тіршілік болса,

Тіршілік сәні - осы ма? - дедім