ВЕРНУТЬСЯ

          Арусың!

Табиғатта
затың бөлек,

Роза
деп қойылған атың да ерек!

Гүл
мен Күн,

Ауа
мен Су - ағайынды,

Төртеуі
ботақандай тату дер ек.

Жетпейтін
ортасында бір-ақ нәрсе, -

Жырлайтын
осыларды ақын керек!

Сүйеді
Гүл де сулы сая жайды,

Күміс
Күн аппақ нұрын аямайды.

Аруын
мөлдір ауа сүйіп
беттен,

Анадай
алақанмен аялайды...

Кесірдің
кеудесіне кек түнейді,

Сол
үшін гүлді
қорлап, тепкілейді.

Ары
бар адам ғана өбек қағып:

"Қызғалдақ
аман болғай!" - деп тілейді.

Ертерек
ер жеттік те, некеге кеп,

Қолынан
біз де Гүлді жетелеп ек...

Гүл
көрсем, қорғайтыным содан шығар,

Мезгілсіз ерте қурап кете ме?! - деп.