ВЕРНУТЬСЯ

    Кез
еді ол - астаң-кестең, бұлағай,

Ондай
кезді кім көрмеді,
Құдай-ай?!

Бірде
ұйқыдан
ұшып тұрды Әуезов...

Аян
берсе керек, түнде Ұлы Абай!

"Не деп кетті, не сұрады ғұламам?"

Деген
оймен шұғыл тұрды ұлы адам!

Сәл
кідіріп есіне алды:

"Айтпақшы,
-

Өз
атыңда көше жоғын сұраған?!"

Бас
иетін Ата-баба салтына,

Қасиетін
арнап өткен
халқына,

Мұхаң
тұрып көше
жаққа беттеді,

Екі
қолын айқастырып
артына...

Қасқабасын
ойлар қамап қат-қабат,

Абай
сөзін қайта-қайта жаттап ап,

Үнсіз
біраз тұрды-дағы бұрылды,

Ой
үстінде Көктөбеге
жалт қарап:

"Тірі
жүрсем, күндердің бір күнінде,

(Аздаған
сәл діріл болды - үніңде!)

Тершіп
кеткен кең маңдайын сипады:

"Осы
көше лайық! - деп, - түбінде?!"

Жеттік,
міне үш мың жылдық ғасырға,

Әуезов
тұр - Ұлы
Даңғыл қасында!

"Абай
жолын"
осы жолда бастады ол,

Орда
бұзар - отыз деген жасында!

Бүгін
менің мақтануға хақым бар:

Ауданымыз
- Әуезовтің атында! -

Осы
ауданда - майдангер мен

Зейнеткер...

Осы
ауданда - Батыр да бар,

Ақын
да!

Осы
ауданда! Танысыңдар - таныңдар:

Небір
абзал мырзалар мен ханымдар!

Осы
ауданда - аңыз болған "Орбита",

Осы
ауданда - "Ақсай" менен

"Мамыр"
бар!..

Небір
заңғар, әсем үйлер сол маңда,

Мұндай
мекен бұрын-соңды болған ба?!

"Қилы
заман" оқиғасын еске алдым,

Ауданымыз
- отыз жасқа толғанда...

Өтті-кетті
баяғыда-ақ ол заман,

Мұхаң
сонда келер күнді болжаған!

Тұрмыз
бүгін Тәуелсіздік төрінде,

Тәуекелге
бел бумасақ - сол жаман!

Сенім
берік! Мақсат биік - халқымда,

Нені
айтсаң да,
нақ осынау
қалпында,

Нені
артсаң да, жүк қалмайтын артында,

Жігіттер
бар бұл ауданда - Нар тұлға!

Сол
үшін де үміт
артып, сенеді Ел:

Кезің
осы - табысқа да кенелер!

Кезің
осы - алғысқа да бөленер!

Жарыста
да, намыста да - жеңе бер!

- Сонда сенің көсегең
де көгерер,

Сонда
сенің маңдай терің төленер!

Отыз
жылды артқа салып тағы да,

Арман
қуған адамдардың бағына, -

Ақбоз атты Әуезов боп келе бер!