ВЕРНУТЬСЯ

     Менің де еншіме сай тиіп ғұмыр,

Еркесі болдым елдің сүйікті бір.

Өйткені, ақын деген атағым бар,

Астымда тұрмаса да биік тұғыр?!

Орны бар әр нәрсенің бөлек-бөлек,

Даулассақ жүгінеміз дерекке кеп.

Жасымда "Тұғыр" сөзін
жақтырмадым,

Ойладым есейген соң:

- Керек пе? -деп.

Тұратын күн сәулесі нұрын құйып,

Тыңдайтын әрбір ұрпақ жырыңды ұйып,

Еліңнің қадірлі ұлы болу үшін -

Түбінде керек екен - Тұғыр
биік!

Жас кезде жеңгелерді ырза қылып,

Атандық ауылдағы- мырза жігіт!

Осы бір өнегелі салт-дәстүрді

Бертінде жалғастырды қыздар ұғып.

Жастарда өкпе болмас бұл ғасырға,

Бәрі бар, не керексе - бір басында!

Арулар өзі сүйген жігіттерге -

Сыйлайды сақина мен сырғасын да!.

Жалғасса жігіттерге ендігі лек,

Олардан қыздардың да кемдігі жоқ!

Сыйластық мәңгілікке қала бермек,

Бозбала,

Бойжеткеннің теңдігі боп!

Қыран құсты жерде көрме,

Тауда көр, -

Жатсын десең бауырында

аунап өр!

Ер жігітті елде көрме,

жауда көр, -

Алсын десең қарсыласын

жаулап ол!

Шешендерді айтыс пенен

дауда көр, -

Адамдарды алсын десең

баурап ол!

Мешелдерге қару бер ме,

қауға бер, -

Қалсын десең су астында

жаурап ол!

Маскүнемді - масында емес,

сау да көр, -

Алсын десең арын ақтап,

даулап ол!

Адасқанды айыптама,

сауға бер, -

Таласқанды - талап жесін

жауға бер

Сонда ғана жойылады - жебірлер,

Сонда ғана жойылады - саудагер!

Не дерсің мисыз шіркінге,

Қараса саған күдікпен? -

Көбейіп кетті бұл күнде

Бүлікшіл ноян жүліктер!

Ойланып, өзің анықта!

Кінәлі бұған нарық па?

Бермеді жұртқа билікті,

Күйреді тойда қызықтар.

Орынсыз жұртқа килікті,

Баскесер тентек бұзықтар!

Ойланып көрші, анықтап,

Бұған да себеп нарық па?

Жолыңды тосып бөгейді,

Кешеге шықсаң, мас кілең.

Қайда да қазір көбейді,

Қатігез бенен қаскүнем!

Зияны тисе - халыққа,

Тағы да себеп нарық па?

Қонақтар келсе, қолдайтын,

Жойылды жақсы үрдістер!

Үй тонап...

Әйел зорлайтын,

Қаптады жауыз қылмыскер!

Ойланып, өзің парықта!

Бұған да себеп нарық па?!