ВЕРНУТЬСЯ

   Кейде - өзгемін!

Кейде тура - өзіммін!

Білем және қасиетін төзімнің.

Соңына еріп кетсем -

Жалған сезімнің,

Болмайды онда тиянағы сезімнің!

Бір атаның- өзі және көзі едім,

Сүйіп өскен ауа-суын- өз
елін!

Төтеп берем талғанынша өзегім,

Тапшылық пен таршылыққа төземін!

Заман тұрсын, адам да енді өзгерді,

Нарықты да, тамұқты да
көз көрді,

Көрдік және тауқыметке төзгенді,

Есіттік һәм естімейтін сөздерді.

Кейде - өзіммін!

Кейде мүлде - өзгемін!

Өмір бойы Адалдықты көздедім.

Жеткенінше өз тынысым, өз демім

Күндестік пен қиянатқа төзбедім!

Төзбедім мен өтірік
пен өсекке,
-

Күндеріме - нәтижесіз бос өткен!

Жалақорды жақтырмадым - қос өкпе,

Парақорды жатқызбадым - төсекке!

Төзбедім мен - Жерді
сатқан жебірге,

Елді сату емес пе бұл - тегінде?!

Төзбедім мен - сайқал мінез сенімге,

Азғындарға - тәнін сатқан негрге...

Төзбедім мен - алдау мен
арбауға,

Бұл екеуін жұрттың
бәрі қарғауда!

Сыбайлас боп ел тонаған обырлар -

Жоспар құрды Жер-Ананы
жалмауға...

Тезбедім мен - ұрлық пенен
жырлыққа,

"Құртамыз!" - деп, аттың басын бұрдық

Бір мезетте өзгердік те, сөз бердік,
-

Бірақ сол бір сөзіміз де тұрдық
па?!

Айта алмаймын!

Шынын айтсам - тұрмадық!

Мезгіл өтті ырғалып та,
жырғалып...

Қарақшылар үй тонаса, -

Ел тонап...

Соларға еріп, кейде өзіміз ұрладық!

Алмақпыз ба, елді тонап, жерден-өш,

Алдымызда жатыр қанша - бел-белес?!

Бүгінгі жұрт - жарлықтарға
жарлы емес,

Бүгін халық - бұйрықтарға кенде емес!

Қақсай-қақсай құны түсті сөздің де,

Көре-көре - соқыр болды көз мүлде!

Осы айтқанның барлығына - төзбедім,

Құдай басқа не салса да, төздім мен!