ВЕРНУТЬСЯ

     Бұлақтай
тау басынан қарғып аққан,

Барады
құйын
болып арғымақтар...

Артында
шаңға бөгіп,
қалып жатыр

Жалпақ
жон,

жазық
дала,

жал-қыраттар.

Сай-сала,
қалып жатыр қырат биік,

Құздардан
құлағандай
шұбап
киік.

Жұлдыздай
ағып бара жатыр бәрі,

Әр
жерден аяқтары бір-ақ тиіп.

Барады
құйрықтарын
шаншып алып,

Соңында
будақ-будақ шаң шұбалып.

Қиқулап
қос қанатын
көтереді,

Біреулер
қос бүйірден
қарсы барып

Әркімнің
жүрегінде намысы бар,

Озбаса
- атбегінің сағы сынар!

Жұртшылык,
іштерінен сүйсініп тұр,

Ақ
боз бен жас күреңнің шабысына.

Жарыста
қалып қою - ұят-тағы,

От
болып қызған сайын тұяқтары,

Оқ
бойы бара жатыр ақ боз алда,

Кәдімгі
аққан жұлдыз сияқтанып...

Бапкер тұр көңілі толып
көншігесін,

Бұл
бірақ құнан
қосқан көршіге
сын!

Әйтсе
де бала күрең өкшелеуде,

Сауыры
бірте-бірте тершігесін...

Келеді
шабандоздар барына айдап,

Шулайды
жанкүйерлер қаны қайнап.

Ақ
боз бен бала күрең жағаласты,

Мұндайға
"күш атасын танымайды-ақ!"

Аттардың
дауыл тұрып
екпінінен,

Сай-сала
сағым болып кетті білем...

Суырылып
сол сағымның арасынан,

Мәреге
бірінші боп жетті күрең.

Асылық
сөйлеп
еді шал асығып,

Жүрегі
жарылардай аласұрып.

Жас
күрең бас бәйгені қағып кетті,

Тұрғанда
қаптаған жұрт
"баласынып".

Өнермен
жігітті де өлшеген
ел:

"Шын
жүйрік шапқан сайын өршеленер".

Сенің
де намысыңды қоздырады-ау,

Топ жарған тұлпарларды көрсең егер!