ВЕРНУТЬСЯ

        Қалижаннан
қалған сөз

Бір
күні
барған едім ақыл сұрай,

Тосырқап,
танытпады ақын шырай!

Менімен
қатарласа кіріп келген

Зайдаға

-
Шығып тұр! - деп ақырсын-ай!..

Ақынның
қатал еді тұрқы неткен!

Білуші
ем бұрыннан да құлқын ептеп.

 Макс-ұттың өз батасы ????

Байыптап
қарап едім әлпетіне -

Жыбырлап
осы сәтте мұрты кеткен!

Жақын
кеп жайғастым да үндемедім,'

Қайтемін
мошқап сұрап мұң-дерегін?!

Жақ
ашпай отыр Ақын...

Телефондап,

Мазамды
алушы еді күнде менің...

Сұсты
Ақын сөз айтпайтын бұрын батып,

Осы
жол мұртын оғаш жыбырлатып:

-      Әнеугі "Коммунисті"' қайттың? -
деді

Орнынан
көңілсіздеу тұрып жатып...

Ақынның
түсінсем
де ой діңгегін,

Келіп
те тұрған жоқ-ты ойным менің:

Қаһарын
Қалекеңнің сынамақ боп:

-      Оныңды біржолата жойдым! - дедім.

Ақынға
жұмбақ еді - сырым менің,

Қолының
аңдап қалдым дірілдерін.

Ішімнен
"Боқтап тұр-ау" - деп ойладым,

Сұстанып,
ернімен тек
күбірлеуін.

-      Қалеке, кешіріңіз! - дедім ептеп,

(Кектенсе,
көкірегінде
кегі кетпек!)

Сізді
жұрт сері ақын деп бағалайды,

Ал
жырың біздер үшін - сері мектеп!_

Біздің
де дәмеміз бар серіліктен,

Білсеңіз,
жүргенім жоқ ерігіп мен.

Нақ
Сіздей үлкен ақын болсақ дейміз,

Ардақтап
Сарыарқадай - елі күткен!

Бұрылды
Ақын сонда
зорға ғана:

(Бір
ісі бітпей қалса, қорлана ма?!)

-      Сен маған редактор болсаң, егер

Өлгенше
өлеңімді,
қорға, бала!..

Жасымда
мен де еркінсіп жүретін ем,

Не
істесең- істеу керек ретімен!

Қысқартпа
өлеңімді...
дей бергенде,

Зайдахан
келіп кірді сүрі етімен.

Отырған
орындық пен төрін беріп,

Қалекең
сөйлеп
кетті көңілденіп:

-      Ол кезде осал жігіт атанбадық!

Ел-жұртқа жұғымсыз
да көрінбедік.

Өлеңді
- сөз
патшасын қастерледік,

Ақынға
"жақсы-жаман" - бәс бермедік.

Шықса
алға озып біреу...

         Құрту үшін -

Астынан
әр сөйлемнің тас термедік!

 Хрущев туралы.

Бертінде
"күндес" деген күнге жеттік,

Досты
да дұшпан санап, тілдеп өттік.

Айдалса
ұлы ақындар - абақтыға...

Соңынан
біразымыз бірге кеттік...

Сотталды
билеп келген - батыр елді,

Түрмеде
түк
кінәсіз - ақын елді...

Құтылып
қуғын-сүргін ылаңынан

Ақталып
"ақтаңдақтар" жатыр енді?!

Менің
де кеткен сонда "нар" кісім бар,

Үндемей
інде бұғып қалды сұмдар...

Олар
да есеп берер?..

Сол
үшін
де,

Айтатын
Хрущевке - алғысым бар!

Халімді
көрдің бүгін
үйде менің,

Әркім
де жек көреді - сүймегенін.

Қажет
пе, алып
таста басқа өлеңді,

Жөн
шығар: "Коммуниске" тимегенің?!

-Тұғырында
тұрғанда - өрең жетіп,

Өту
керек шалқып һәм өлеңдетіп!

Атың
шықпай жатса егер, жер өртеме

Кітап
шығар одан да көлемді етіп!

Сонда
сенің дәріптеп атыңды ауыл,

Таңдай
қағар бас шайқап, жатың да бір.

Жігер
керек, жігіттік жүрек керек!

Алмау
керек өлгенше - ақын дамыл!

Өлең
деген таланттың - арман-мұңы,

Шалқи
алмас шабыттың жалған нұры!

Өлең
қашса - ақынның өлген күні,

Өлген
күні - жазудан қалған күні! -

Осылай
деп Қалекең кеңес берді,

Жек
көретін
өзеуреп, егескенді,

Жек
көретін мақтаншақ бөспелерді,

Жек
керетін шын ақын еместерді...

Есіне
алып асыл бір мұраттарды,

Сыр
сандығын сезімнің мың ақтарды:

-
Білемісің Мәншүк пен Абдолланы? -

Деп
Қалекең оқыс бір сұрап қалды.

Шындық
бөлек!

Қалжың
мен әзіл бөлек:

Бұлар
жайлы жақсы жыр жазу керек!

Абдолланы
жырлады Қасым ақын...

Батыр
қызды басқа ақын жазу керек!

Білем
қыздың жолдарын жүріп өткен,

Мөлдір
еді таймаған - нұры
беттен!

Өлді
деуге сенбеймін Мәнсияны -

Көз
алдымда майданға тірі кеткен!..

-      Ел сыйлаған - өр тұлға!

Бір
ағасың!

Есте
ұстайды әр халык, - Ғұламасын!

Көрейін
мен, тәуекел! - дедім оған,

Үміт
артып өзімнен сұрағасын!..

-      Дау-дамайы, - деді Ақын,

Таласы
жоқ, -

Зиялы...

Ойлы...

Қазақтың
- данасы көп!

Мен
де соның бірімін!

Түртіп
алшы:

Сүйіндікте Нұрқожа баласы! - деп!